АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Зеленський Украина әскерлері Белгород облысында жүргенін растады

КИЕВ. 8 сәуір. Украина президенті Володимир Зеленський украин әскерлерінің Ресейдің Белгород облысында жүргенін мойындады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украин мәнбелеріне сәйкес, Украина Қарулы күштері Демидов ауданының территориясында 13 шақырымға дейінгі аумаққа ішкерілеп енген.

Зеленський бұл фактіні бірінші рет расқа шығарып отыр. «Соғыс өзінің шыққан жеріне қайтып баруы керек» дегенді айтқан ол Украина Қарулы күштерінің әлі Курск облысының да бір бөлігі ғана емес, Белгород облысының да бір жағын ұстап тұрғанын баяндады.

«Біз жаудың шекаралас аудандарында белсенді операциялар жүргізіп жатырмыз», – деді ол кеше кешке өзінің бейнеүндеуінде.

Ресей тарапынан украин солдаттарының Белгород облысына басып кіргендері жайлы ресми хабарлама болған жоқ.

Бұған дейін бұл облыс жеріне Украина жағында соғысып жүрген орыстар басып кіріп еді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button