Алматыда жер сілкінген күні ондай тербеліс Өзбекстанда да орын алды
ТАШКЕНТ. 24 қаңтар. Қаңтардың 23-не қараған түні Өзбекстан аумағында да жер сілкінісінің толқыны орын алғаны байқалды. Бұл туралы kun.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Жерасты дүмпулері Ташкент қаласында, облысында және Ферғана жазығында орын алғаны тіркелді.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің сейсмикалық болжам орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған. Ол 22 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 23:08-де дүмпу берген. Бұл Алматыдағы сілкініс уақытымен (00:09 тура келеді).
Сілкіністің ошағы Ташкент қаласының оңтүстік-шығысындағы 862 шақырым жерде орналасқан. Оның магнитудасы – 7, ал тереңдігі – 15 шақырым.
Зілзала Ферғана жазығында (Әндіжан, Ферғана, Наманган велаяттары) 3-4 балды көрсетсе, Ташкент қаласында 3 балдан аспаған.