25 Тамыз, 07:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресей әскерлері Белгород облысында бірнеше үйді тонап кетті

24 Наурыз 2025 22:30
- Аймақ, Жаңалықтар
Ресей әскерлері Белгород облысында бірнеше үйді тонап кетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 24 наурыз. Ресей әскерлері Белгород облысының Украинамен шекаралас бір селосында бірнеше үйді тонап кеткені паш етілді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Неміс толқыны» радиосы Украина Қарулы күштерімен ұрыс жүріп жатқан Ресей Федерациясының Белгород облысының шекаралас аймағында тонау фактілері орын алғанын баяндады. Жергілікті тұрғындар мұны Ресей сарбаздары жасағандарын айтып берді. Осыдан кейін Кремль билігі өз әскерлерінің тонаушылық әрекеттерімен күресетін патрульдер құруға мәжбүр болды.

Украина Қарулы күштері мен Ресей армиясы арасында шайқас болған Белгород облысының шекаралас елді мекендерінің тұрғындары өз елдері сарбаздарының тонаушылық әрекеттеріне қатысты шағымды көп айта бастады. Мұны облыс билігі ішінара растады.

23 наурызда Ресей күштік құрылымдарына жақын деп танылған «ВЧК-ОГПУ» telegram-арнасы Белгород облысындағы Репяховка селосынан түсірілген видео жариялады. Село Украинаның мемлекеттік шекарасынан 3,5 км қашықтықта орналасқан. Видеода ер адам үйдің астаң-кестеңі шығып жатқанын көрсетіп, «мұнда біздің жауынгерлер келіп кетті» дейді. «Ресей әскерлері бұзып кірген үйлер өте көп», – деп жазды telegram арнасы.

Сол күні «Пепел» ресурсы тілшісінің сұрақтарына жауап берген Репяховка тұрғыны «Кем дегенде 20 үй тоналды, селодағы үйлерде 200 сарбаз тұрып жатыр» дегенді айтқан.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков 23 наурызда telegram желісінде шайқас пен атқылаудың жалғасып жатқанына қарамастан, Репяховка тұрғындарының бір бөлігі селоға егіс алқаптары арқылы келіп жатқанын баяндады. Олардың бірі оқ тиіп жараланған. Шенеуніктің айтуынша, мұнда тұрғындар үйлерінде қалған жан-жануарларына, мысалы, тауықтарына жем беру үшін келеді. «Пепел» олардың басты мақсаттары үйлерін мародерлерден қорғау болып тұрғанын жазады.

Ресейлік Bel.ru порталы 24 наурызда Гладковқа сілтеме жасап, Краснояр ауданында, оның ішінде Репяховкада кем дегенде үш тонау фактісі орын алғанын хабарлады. Қазірдің өзінде ақпарат ішкі істер министрлігі мен әскери полицияға беріліп, тергеу басталды. Жедел штабтың жұмыс тобы билік органдарының, қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктерінің, өзін-өзі қорғау күштерінің, «Барыс» және «Орлан» құрамаларының өкілдерінен құралды.

Таңбалар: Белгород облысыРесей әскерилерітонау

Ұқсас мақалалар

Майданмен шектес Белгород жеріне Кения мен Үндістан мигранттары келіп жатыр
Әлеумет

Майданмен шектес Белгород жеріне Кения мен Үндістан мигранттары келіп жатыр

02.07.2026
Зеленський Украина әскерлері Белгород облысында жүргенін растады
Аймақ

Зеленський Украина әскерлері Белгород облысында жүргенін растады

08.04.2025
Украина әскерлері Белгород облысының бір деревнясын басып алды
Жаңалықтар

Украина әскерлері Белгород облысының бір деревнясын басып алды

24.03.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist