25 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстандық дәрігерлер Өзбекстанда 17 сырқатқа күрделі ота жасады

11 Қазан 2025 22:24
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қазақстандық дәрігерлер Өзбекстанда 17 сырқатқа күрделі ота жасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 11 қазан. Алматыдағы А.Н. Сызғанов атындағы орталықтың хирургтері Өзбекстанда науқастарға 17 күрделі ота жасады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бес мамандандырылған бригадасынан құралған топ тәжірибе алмасу үшін Ташкент қаласына аттанды.

Мұнда 13-17 қазан аралығында Қазақстанның Өзбекстандағы медицина күндері өткелі тұр. Ол Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің бастамасы бойынша қолға алынды.

Күндердің басты мақсаты екі ел арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, озық тәжірибе алмасу және қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктерін көрсету болып табылады.

Орталықтың жетекші хирургтары барған бойда 17 күрделі отаны сәтті өткізіп, өзбек әріптестеріне арналған бірқатар мастер-кластар өткізді.

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен В. Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық хирургия орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат тараптардың бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға, мамандармен алмасуға және медициналық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Сапар барысында профессор Болатбек Баймаханов өзбек әріптестеріне Қазақстан трансплантологиясы мен лапароскопиялық хирургия мектебінің жетістіктерін таныстырып, бауыр трансплантациясынан кейінгі билиарлық асқынулар мен ұйқы безі-дванадцатперстная ішек резекциясының нәтижелері туралы дәріс оқыды. Бұл баяндамалар өзбекстандық әріптестердің зор қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар, қазақстандық дәрігерлер Ташкент қаласындағы В. Вахидов атындағы республикалық мамандандырылған хирургия орталығында және Қаршы қаласындағы республикалық кардиология орталығының филиалында жұмыс істеді.

Сапар барысында қазақстандық мамандар гепатобилиарлық, эндоскопиялық, кардиохирургиялық және эндоваскулярлық бағыттар бойынша бірқатар оталар жасап, өздерінің жоғары кәсіби деңгейін және заманауи емдеу тәсілдерін көрсетті.

Ташкентте гепатопанкреатобилиарлық хирургия бөлімінің меңгерушісі Мейрам Досханов бауыр мен өт жолдарына лапароскопиялық ота жасау бойынша мастер-класс өткізіп, әртүрлі күрделіліктегі төрт отаны сәтті орындады.

Ерлан Абдрашевтың жетекшілігімен эндоскопиялық хирургия бойынша мастер-кластар өткізілді. Оның барысында өңештің жаңа түзілістерін эндоскопиялық резекциялау және пероральды миотомия операциялары жасалды.

Рентгенхирургия және интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі Әділ Байымбетов жүрекшелердің фибрилляциясы бар науқастарға криобаллондық абляция процедураларын жүргізді.

Эндоваскулярлық хирург Е. Әбілханов төрт жоғары технологиялық отаны орындады, олардың ішінде қарыншааралық перде ақауын транскатетерлік жабу және өкпе артериясы стенозында баллонды вальвулопластика операциялары бар.

Кардиология орталығының Қаршы филиалында орталықтың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Рақышев өзбек әріптестерімен бірлесіп төрт жүрек отасын жүргізді. Олардың қатарында митралды қақпақшаны протездеу және сол жақ жүрекшедегі миксоманы алып тастау операциялары болды.

Қазақстандық хирургтар отандық хирургия мектебінің жетістіктерін және заманауи емдеу технологияларын таныстырып, өзбек науқастарына денсаулығын қалпына келтіруге және өмір сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Таңбалар: Қазақстанмедицина күндеріӨзбекстан

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты
Әлеумет

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты

24.08.2026
Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026
Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы
Дәулет

Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы

05.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist