Камчаткада бұрын болмаған күшті жер сілкінісі орын алды

МӘСКЕУ. 30 шілде. Ресейдің Камчатка аумағында мұнда бұрын-соңды тіркелмеген жер сілкінісі дүмпу берді. Бұл туралы «РИА Новости» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Камчатка аймағындағы жер сілкінісі аймақтағы бақылаудың барлық кезеңіндегі ең күшті жер сілкінісі болды», – деді Камчатка губернаторы Владимир Солодов Telegram арнасында.
«Бұл бүкіл аспап құрылғысы қолданысқа енгізілген кезеңдегі ең күшті жер сілкінісі, оның магнитудасы – 8,8. Тұрақты ұзақ мерзімді афтер сілкіністер күтілуде», – деп жазды ол.
Солодов жұртты сабыр сақтап, үрейленбеуге шақырды. Ол тұрғындарды төтенше жағдайлар қызметінің күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанына сендірді және тек ресми ақпаратқа сенуге үндеді.
Камчатка жағалауында мұндай жерасты дүмпуі 1952 жылдан бері орын алмаған екен.
Гидрометеорология және қоршаған ортаны бақылау департаменті аймақта биіктігі төрт метрге жететін цунами толқынын тіркеді.
Северо-Курильск қаласын су басып, ауданда төтенше жағдай жарияланды.
Түбектегі балабақшалардың бірінде қабырға опырылған. Оқиға болған кезде ол жерде ешкім болмаған.
Камчатка денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер бар, бірақ барлығының жағдайы қанағаттанарлық және ауыр жарақаттар жоқ.
Магнитудасы 7,5-ке дейінгі дүмпулерді қоса алғанда, бір айдың ішінде тағы да дүмпулер болуы мүмкін.
Камчатка қазірдің өзінде қарқындылығы 2-5 балл болатын тағы 30 елеулі дүмпулерді тіркеді.
Цунами қаупі Жапонияның бүкіл дерлік шығыс жағалауында және Американың Аляска, Калифорния және Орегон штаттарында жарияланды.






