19 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Белгород облысында тұтқындарды әкеле жатқан әскери ұшақ атып түсірілді

24 Қаңтар 2024 21:27
- Жаңалықтар, Оқиға
Украина Қарулы күштері Донбастағы Андреевка селосын жаудан азат етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 24 қаңтар. Ресейдің Белгород облысында бортында соғыс тұтқындары бар Ил-76 әскери ұшағы жерге құлап түсті. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков ұшақтың бортында отырғандардың бәрі оқиға орын алған жерде қаза тапқанын баяндады. Оның айтуынша, лайнер Корочан ауданының бір елді мекені жанындағы алқапқа құлаған. «Қазір ұшақ қалдығы жатқан аумақ қоршауға алынды. Барлық жедел қызметтер сонда, тергеу шаралары жүруде. Оқиға орнына оның себебін анықтау үшін комиссия бара жатыр», – деп жазды Гладков телеграм-арнасында.

Әскери-көлік ұшағының құлағанын РФ қорғаныс министрлігі растады. Ведомствоның мәліметінше, оқиға Мәскеу уақытымен 11:00 сағатта орын алған. Оның бортында Белгород облысында алмастырылуға апара жатқан 65 украин тұтқыны, сондай-ақ экипаждың 6 мүшесі мен РФ армиясының 3 қызметкері болған.

«Әскери ұшақ «Patriot немесе IRIS-T қаруларынан атылған үш ракетамен» атып түсірілген»,  – деді РФ мемлекеттік думасының қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картополов. Оның айтуынша, құлап түскен ұшақтың соңында 80 тұтқыны бар тағы бір ұшақ ұшып келе жатқан. Shot телеграм-арнасының жазуынша, бүгін, 24 қаңтарда Белгород облысының Украинамен шекарасында екі жақтың соғыс тұтқындарын алмастыру процесі өтуге тиіс болған екен.

Инциденттен кейін «Украинская правда» және «РБК-Украина» басылымдары өз әскери мәнбелеріне сілтеме жасап, Белгород облысында құлаған Ил-76 ұшағының соғыс тұтқындарын емес, Харьковты бомбылауға арналған С-300 зенит-ракета кешенін алып бара жатқанын, сондықтан оны Украина Қарулы күштері атып түсіргенін жазды.

Таңбалар: Белгород облысытұтқындарұшақ

Ұқсас мақалалар

FlyArystan ұшағында бір ауыз артық сөзі үшін қария жазаға тартылды
Жаңалықтар

FlyArystan ұшағында бір ауыз артық сөзі үшін қария жазаға тартылды

04.09.2026
Майданмен шектес Белгород жеріне Кения мен Үндістан мигранттары келіп жатыр
Әлеумет

Майданмен шектес Белгород жеріне Кения мен Үндістан мигранттары келіп жатыр

02.07.2026
Министр Әлназарова ұшақта науқас жолаушыны құтқарып қалды
Әлеумет

Министр Әлназарова ұшақта науқас жолаушыны құтқарып қалды

27.11.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist