Алматыда полиция офицерлері парамен ұсталды
АЛМАТЫ. 29 ақпан. Алматы қаласындағы Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы міндетін атқарушы мен оның қарамағындағылар жемқорлық күдігімен ұсталды. Бұл туралы Neonomad.kz хабарлады.
«Алматы қаласының жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қалалық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесе жүргізген шарасы барысында Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы міндетін атқарушы мен оның қарамағындағыларды жемқорлық әрекеті үстінде қолға түсірді», – делінген ведомство баспасөз қызметінің мәліметінде.
Ведомоство оларға лауазымды тұлға бола отырып, ұрлық жасағаны үшін ұсталып отырған адамнан істі жабу үшін 500 000 теңге пара алды деген айып тағылғанын айтады.
Күдіктілер өздерінің кінәларын толық мойындаған.