Қайрат Сатыбалдының заңсыз табысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді
АСТАНА. 10 қаңтар. Байырғы президент Назарбаевтың інісінің баласы Қайрат Сатыбалдының қылмыспен тапқан табыстарын жасыруына байланысты қозғалған іс аяқталды. Бұл туралы ҚазТАГ дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің баласы – Қайрат Сатыбалдыға қарсы қылмысты жолмен алынған табыстарды жасыру жөніндегі іс сотқа түсті», – деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
«Бүгінгі таңға Қайрат Сатыбалдыға қатысты 218-баптың 1-бөлігі – қылмыстық жолмен алынған ақшаны иемденіп кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қайрат Саытыбалдыұлы заңға қайшы жолмен келген ақша мен табыстарға жеке мүліктер сатып алған, соның ішінде шетелдерден де әкелген, Қазақстан территориясы мен шетелдердегі банктердегі есепшоттарына салып қойған. Бұл іс қазір сотта жатыр», – деді Тілеукенов сәрсенбі күні өткен брифингте.
Оның айтуынша, факт бойынша Қайрат Сатыбалдыда салықтан жалтарудың тағы бір фактісі бары анықталған.
«Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, біз оны сосын жаңа ақпарлар түскен бойда көпшіліктің қаперіне жеткіземіз. Аталмыш тұлғаның құлып салынған барлық активтері мемлекетке қайтарылады, бүгінгі таңда одан мемлекетке қайтарылған қаржылардың жалпы сомасы 850 миллиард теңгені құрайды», – деді Тілеукенов.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы 26 қыркүйекте Назарбаевтың баласы (қазақы ұғымда інісінің ұлы аталып отырған кісіге де бала болып саналады – ред.) – Қайрат Сатыбалды мүліктері тәркіленіп, алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын.