Назарбаев қоры Алматы филиалының ғимаратын мемлекетке қайтарды
АЛМАТЫ. 10 қаңтар. Назарбаев қоры өзінің Алматы филиалы орналасқан ғимараты президенттің іс басқармасына тегін қайтарып берді. Бұл туралы ҚазТАГ дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«2023 жылғы мамырда Алматы қаласы, Ганди көшесіндегі 10 үйде орналасқан ғимарат Президент іс басқарушысының меншігіне төлемсіз негізде беріліп, басқарма балансына алынды», – деп жауап берді ҚазТАГ редакциясының сұрағына президенттің іс басқармасы.
Алматыдағы президент резиденциясы сүрілгеннен кейін Президенті әкімшілігі мен президент іс басқармасының өкілдері жаңа ғимаратқа көшіп алды. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үшін де дайындалып қойылған кабинет бар.
«Қазіргі таңла Алматыда президент резиденциясының жаңа ғимараты құрылысын салу мәселесі көтеріліп отырған жоқ», – деді президент іс басқармасындағылар.