АҚШ қару-жарақ компанияларына Украинаға озық техникалар беруді тапсырды
УАШИНГТОН. 10 қаңтар. Ақ үйшенеуніктері АҚШ әскери-өнеркәсіптік кешеніне қарасты компанияларға Украинаға озық әскери технологиялар жеткізіп тұруды жүктеді. Бұл туралы Reuters дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Мәселе Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Джейк Салливанның Palantir Technologies Inc және Anduril Industries Inc сияқты он қорғаныс технологиясы (басқалармен қатар, олар қорғаныс компьютерлік жүйелерінде маманданған), сондай-ақ Fortem және Skydio компанияларының (дрондар жасаумен және дрондарды басқарумен айналысады) өкілдерімен кездесуінде көтерілді.
«Әңгіме ұшқышсыз авиациялық жүйелер <…>, сондай-ақ алаңдарды миналардан тазарту мәселесін шешу жайында болып отыр». – деп түсіндірді Reuters мәнбелерінің бірі.
«Салливан қорғаныс компаниялары басшыларынан Украинаға «ұрыс алаңында шабуыл қайтару мен басымдыққа ие болуды» қамтамасыз етуге ықпал жасайтын «түйінді технологиялық мәселелерді» шешіп беруге негізгі салмақты салуды өтінді.
Мәнбенің айтуынша, кездесу президент Джо Байден әкімшілігіне Киевке ұсынылатын америкалық қорғаныс өнеркәсібінің инновациялық технологияларымен тереңірек танысуға мүмкіндік берген. Сонымен бірге, Ақ үйдегі сұхбаттасушы Конгресс 61,4 миллиард долларлық жаңа көмек пакетін мақұлдамайынша, АҚШ тарапынан Украинаны қолдау білдіруге бағытталған кез-келген күш-жігердің шектеліп қалатынын атап өтті. Алайда, кездесуге қатысқан кейбір компаниялар Украина үкіметімен қазірдің өзінде тікелей жұмыс істей бастады.
Украинаға көмек пакеті қыркүйектің аяғында Конгресте тоқтап қалған еді. Конгрессмендер республикашылардың АҚШ шекараларын қорғауды бірінші кезекке қоюларына байланысты Киевке қаржылай көмек көрсету жөніндегі шешімді қабылдай алмай қалды.
АҚШ Өкілдер палатасының спикері, республикашыл Майк Джонсон Украина бойынша нақты стратегия әзірлеудің Киевке қаражат бөлудің шарты болып табылатынын айтты. Атап айтқанда, оның айтуынша, Ақ үй соғыстағы түпкі мақсаттарды белгілеуі керек, сонымен қатар шығындарды бақылау жүйесін ұсынуы керек.
«Әрине, біз бостандықты жақтаймыз, Америка Құрама Штаттарының мәні де осында. Бірақ бізге оны қаржыландыратын адамдардың жауапкершілігі де қажет. Ақ үй әзірге бізге бұған қатысты жауапты берген жоқ. < … > Сондықтан бұл жауапсыз бізге Владимир Путинді тоқтату үшін керекті қаржыны алу қиынға түседі», – деп түйіндеді Джонсон.