18 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украин әскерлері Крынки түбінде басқыншылардың бір ротасын қырып тастады

24 Желтоқсан 2023 22:36
- Жаңалықтар, Оқиға
Украин әскерлері Крынки түбінде басқыншылардың бір ротасын қырып тастады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 24 желтоқсан. Украина Қарулы күштері Днепр өзенінің Херсон облысы жеріндегі сол жағалауында Ресей оккупациялық армиясының бір ротасын түгелімен жойып жіберді. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Украин армиясының бөлімшелері Херсон облысының сол жағалауында талқандауда жалғастырып жатыр». – делінген хабарламада.

Подразделения украинской армии продолжают громить россиян на левом берегу Херсонской области.

РФ әуе-десант әскерлері 337-ші полкының 1-ші штурм ротасы Херсон облысының Крынки ауданында толық жойылып жіберілді. Мұны ресейлік солдаттың анасы Наталья Карпова айтты. Оның ұлы Сергей Карпов осы ротада қызмет етеді. Әйелдің осыны айтып тұрғаны түсірілген видео телеграм-каналдарда тарады.

Солдат анасының айтуынша, рота өзге бөлімшелердің қорғауынсыз украин позицияларына шабуылға шыққан. Раша жауынгерлері өте нашар жарақтандырылған және киіндірілген. «1-ші штурм ротасы кеше кешке Крынки түбінде түгел жер қойнына берілген», – дейді видеода әйел.

Наталья Карпова келесі жолы өзінің ұлы да тап осылай опат бола ма деп қауіптенеді. Бұл жолы рота сапында шабуылға қатыспай қалған екен.

Ресейлік белгілі журналист Юлия Латынина Днепрдің сол жағалауында орын алған бұл операцияның украин бөлімшелері үшін өте табысты аяқталғанын жазады. Ол украин жауынгерлерінің бірден 5 маңызды нысанға қол жеткізгенін атап өтті.

Таңбалар: КрынкиқырғынУкраинаХерсон

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist