Бишімбаевтың әдепкі әйелі Назым оның әрекеті жайлы бірінші рет сөз етті
АСТАНА. 28 желтоқсан. Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі Назым қапияда қаза тапқан Салтанат Нүкенованың өлімі жайлы пікір білдірді. Бұл туралы «Халық үні» дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Осы қайғылы оқиға жайында бірінші рет ойын айтқан Назым өзінің Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.
Келіншектің пайымынша, болған жағдайды түсіну үшін өзіне де, балаларына да біршама уақыт керек болған.
«Үнсіздікті тоқтатуға ұйғарым жасадым. Салтанатты қайғыға ұшыратқан өлімнен 40 күннен аса уақыт өтті. Өзіме де, балаларыма да болған оқиғаны түсіну үшін, санада қорыту үшін уақыт керек болды. Біз балаларымызбен Салтанаттың туыстарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз», – деп жазады ол.
Назым Бишімбаева өз сөзінде Салтанатпен жеке таныс болмағанын растайды. Бірақ балалары оны жарқын жүзді, қайырымды әрі өте ақкөңіл адам ретінде көріп-біліпті.
«Бұл қайғылы оқиғаның ауырлығы – оларға қамқор, қолдаушы әрі үлгі болуға тиіс жақын адамның жасағанында. Оның орнына үрейлі, ұят және өте ауыр нәрсе орын алды. Балаларымның басына түскен қиындықтарға қарамастан, олар әрқашан қайырымды әрі мейірімді болып өсетініне сенемін», – дейді Назым.
Еске сала кетейік, сөз болып отырған қанды оқиға 9 қараша күні Астанадағы «Бау» ресторанында (кейбір мәліметке қарағанда, ол Қуандық Бишімбаевтың жеке меншігі) орын алды. 11 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен 2 айға қамалды. Бұл жағдай қылмыстық кодекстің «кісі өлтіру» бабы бойынша тіркелді. Бишімбаевпен қатар қылмыс болған орталықтың директоры да екі айға құлып астына алынды. Ол «қылмысты жасыру» бабы бойынша күдікке ілінді.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағында көрсетілген қылмысты жасады деп танылған адамға 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.