Байден Израильге үкіметті және Газадағы тактиканы өзгертуді ұсынды
УАШИНГТОН. 13 желтоқсан. АҚШ президенті Джо Байден Израиль билігін үкімет басшысын ауыстырып, Газа секторындағы соғыс тактикасын өзгеріс енгізуге шақырды. Бұл туралы Би-би-си ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Соңғы кездері Тель-Авивтің Газа секторындағы соғыс операциясын жұмсартуға құлықсызығы, Ақ үй тарапынан айтылып жатқан кеңеске қасақана құлақ аспайтыны
Уашингтон мен Израиль билігінің арасындағы қарым-қатынасты нашарлатып жіберді. Бұлайша қасарыса берсе, Израиль көп ұзамай халықаралық оқшаулануға түсіп қалуы мүмкін. «Егер ешбір анық-қанықсыз жаппай бомбылау жалғаса берсе, біз Тель-Авивті есептен шығарып тастауымыз кәдік», – деді Джо Байден бүгін. Оның бұл жолғы мәлімдемесі Таяу Шығыста ХАМАС-қа қарсы соғыс қимылдары басталғалы бері айтылған ең қатқыл да ауыр үн қатуы болды.
Ақ үй бұған дейін де Израиль үкіметінің басшысы Беньямин Нетаньяхуға соққыны бейбіт тұрғындар арасында қаза табушылар санының барынша аз болатынындай етіп беруді ескерткен болатын.
«Израиль барған сайын әлемде өзін қолдаушылар қатарының азая түсуіне қызмет етіп жатыр», – деді Байден. Сондықтан Газа секторындағы операцияға көзқарасты түбірінен өзгерту керек. АҚШ президенті сондай-ақ Беньямин Нетаньяхуға шектен шыққан оңшыл саясаткерлерден құралған Газадағы сияқты басқа да Палестина анклавтарында, Иордан өзенінің батыс жағалауында барынша аяусыз әрекет жасауды ұстанатын әсіре оңшыл саясаткерлерденг құралған үкімет құрамын өзгертуге кеңес берді.
Израильдің бұл соғыстағы әрекеттері әлем қауымдастығы арасында қолдау тауып отырмағанына БҰҰ Бас ассамблеясында сейсенбі күнгі дауыс берудің қорытындысы да байқатып отыр. Сессияда Газа секторындағы тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету үшін Израильді онда жүріп жатқан ұрыс қимылдарын жедел тоқтатуға шақырған қарарды қолдап, 153 мемлекет дауыс берді, тек 10 ел қарсы шығып, 23 дәулет қалыс қалды.
Тіпті қарардың қабылдануына қарсы шыққан АҚШ пен Израильді батыс елдерінің өзі де қолдай қойған жоқ.