ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Гулнара Каримова өз бостандығы үшін $686 млн бермекші

ТАШКЕНТ. 28 ақпан. Қазіргі күндері түрмеде жатқан Гулнара Каримова өзінің бас бостандығын алу үшін $686 млн доллардан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы «CentralAsia» хабарлады.

Бұдан үш күн алдын әлеуметтік желіде бүгінде марқұм болған Өзбекстанның бірінші президентінің үлкен қызының қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеёвке арнаған хаты пайда болды. Оны Гулнараның Лондонда тұратын оның қызы Иман Instagram ‘ Е бетінде жариялаған.

Бұл хатының басында Гулнара Исламқызы мұны «өзі көп жылдар бойы білетін адамға» арнаған үндеуі екенін атап көрсеткен. Хатта ол өзіне қатысты Өзбекстан Конституциясы мен қылмыстық іс жүргізу кодексі бұзылып жатқанына тоқталады, бір түрмеден екінші түрмеге тоқтаусызз көшіп жүретініне наразылық білдіреді.

Айтуынша, жалпы құны 1,2 млрд долларға бағаланған өзіне және балаларына тиесілі активтер мен мүліктердің тәркіленіп алынып қойылғанына қарамастан, олардың «келтірілген материалдық залалды» өтеу есебіне есептелмеген.

«Мен сондай-ақ отбасымыз бен денсаулығымды сақтау үшін, – дұрыс келесім жасалған жағдайда, – біздің отбасымыздан қалған жалғыз қаржы көзі – Швейцарияда бұғатталып қойылған 686 млн АҚШ доллары көлеміндегі ақшадан «істің жеңілдетілген жолмен жабылуы үшін» бас тартқан болар едім», – деп жазды өзінің хатында тұңғыш президенттің қызы.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button