Гүлнара Каримованың адвокаттары Швейцария сотында жеңіске жетті
ЖЕНЕВА. 23 шілде. Бүгін Швейцарияның апелляциялық инстанциядағы сотында Гүлнара Каримованың адвокаттары ішінара ұтысқа қол жеткізді. Бұл туралы Газета.uz хабарлады.
«Швейцарияның апелляциялық инстанциядағы соты адвокаттардың Гүлнара Каримованы пара алу жөніндегі айыптауға білдірген шағымдарын ішінара қанағаттандырды. Соттың бұл шешімі оның бұғатталып жатқан 303 млн долларын қайтарып алуына көмектеседі», – деп баяндады Bloomberg Law.
Швейцария прокуроры 2012 жылдан бері Гүлнара Каримоваға байланысты жемқорлық жанжалы мен оған өзбек нарығына шығу үшін ақша төледі-міс делінген мобильді оператор мәселелерін тексеріп келеді. Осының ыңғайында Гүлнара Каримова МТС, VimpelCom (қазір – Veon, бренд Beeline) және TeliaSonera (қазір – Telia Company, оның сауда маркасы – Ucell) деп аталатын үш компаниядан 865 млн АҚШ доллары көлемінде пара алуға арналған жемқорлық және қолма-қол ақша жасап алу сызбасына қатысты деп айыпталды.
2020 жылы қыркүйекте Швейцария мен Өзбекстан Гүлнара Каримованың қылмыстық ісіне қатысты принципті келісімге қол жеткізді. Ол бойынша осы қылмыстық іс шеңберінде бұғатталған ақша Өзбекстанға қайтарылуға тиісті болды. Ал Швейцария бас прокуратурасы 2012 жылы Каримоваға тиесіді 800 млн швейцар франкін бұғаттап тастаған болатын.
Bloomberg Law-тың мәліметі бойынша, Швейцарияның бірінші инстанциядағы соты Гүлнара Каримованың Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы екеніне байланысты оның іс жүзінде Өзбекстанның телекоммуникациялық нарығына үлкен ықпалы жүретін мемлекеттік қызметкер бола алатынын ескерген секілді.
Бұл шешім Каримоваға қарсы тергеу жұмыстарына күрт бұрылыс алып келді, деп мәлімдеді оның адвокаттары Грегуар Манжа мен Фанни Маргайраз жұма күні кешке Keystone-SDA ақпарат агенттігіндегі мәлімдемелерінде. Осылайша Федералды прокуратура өзінің айыптауының негізіне алған басты аргументке күмән келтірілді.
Адвокаттар сондай-ақ Швейцария прокуратурасының айыптау стратегиясын да сынға алды. Апелляциялық палата Каримованың қаржыларын тәркілеу шеңберіндегі қосымша өндіріс кезінде әлі тергеудің жүріп жатқанына қарамастан, кінәсіздіктің айғағын анықтау ережесі сақталмағанын анықтады.
Грегуар Манжа Twitter-де «293 млн франкті тәркілеудің жойылғанын» хабарлады.
Агенттік атап өткендей, соттың шешімі Каримованың бұғатталған қаржыларының бір бөлігін қайтарып алуына болатынын айғақтайды. Әңгіме 293 млн швейцар франкі (эквиваленті $303 млн) туралы болып отыр. Бұл Өзбекстан елге қайтармақ болып отырған шетелдік активтер сомасының төрттен бір бөлігін құрайды.
Еске сала кетейік, Гүлнара Каримова 2015 жылы бес жылға бас бостандығын шектеуге сотталған еді, со сын 2019 жылы колонияға аударылды. 2020 жылғы наурызда ол «мемлекет қаржыларын талан-таражға салу және Өзбекстан мүддесіне қайшы келетін келісімдер жасау, сондай-ақ бопсалаушылық жолымен өзгенің айрықша ірі көлемдегі мүлкін иемдену» фактілері бойынша тағы 13 жыл, 4 айға сотталды.
Ўзбек тилида (O`zbek tilida):
Гулнора Каримованинг адвокатлари Швейцариядаги судда ғалаба қозонишди
Швейцария апелляция суди Гулнора Каримовага қўйилган пора олиш бўйича айблов юзасидан унинг адвокатлари киритган шикоятни қисман қаноатлантирди. Мазкур суд қарори унга музлатиб қўйилган 303 млн доллар маблағни қайтариб олишга ёрдам бериши мумкин, деб ёзмоқда Bloomberg Law.
Швейцария Федерал жиноий судининг апелляция палатаси Гулнора Каримованинг адвокатлари киритган коррупция айбловлари бўйича шикоятини қисман қаноатлантирди. Мазкур суд қарори унга музлатиб қўйилган 293 млн франк (303 млн доллар) маблағни қайтариб олишга ёрдам бериши мумкин, деб ёзмоқда Bloomberg Law.
Швейцария прокурорлари 2012 йилдан бери Гулнора Каримова ва ўзбек бозорига кириш учун гўёки унга пул тўлаган мобил алоқа операторлари билан боғлиқ коррупция можаросини тергов қилмоқда. Гулнара Каримова учта телекоммуникация — МТС и VimpelCom (ҳозир — Veon, бренд Beeline) ва TeliaSonera (ҳозир — Telia Company, илгари Ucell савдо белгисига эгалик қилган) компанияларидан пора тариқасида олинган 865 млн АҚШ доллари миқдоридан ортиқ коррупциявий схемаларда иштирок этганликда ва пул ювишда айбланмоқда.
Bloomberg Law, маълумотларига кўра, Швейцариянинг биринчи инстанция суди Гулнора Каримова Ўзбекистоннинг биринчи президенти Ислом Каримовнинг қизи сифатида, де-факто Ўзбекистон телекоммуникация бозорида катта таъсир доирасига эга давлат хизматчиси мақомига эга бўлган. «Давлат хизматчисининг ролини бундай кенг талқин қилишга йўл қўйиб бўлмайди», — дейилади апелляция палатаси қарорида.
Бу қарор Каримовага қарши терговда туб бурилиш ҳисобланади, дея таъкидлашди унинг адвокатлари Грегуар Манжа ва Фанни Маргайраз жума куни кечқурун Keystone-SDA агентлигига берган интервьюсида. Шу тарзда Федерал прокуратура асосланган айбловлар шубҳа остига олинди.
Ҳимоячилар шунингдек, Швейцария прокуратурасининг айблов стратегиясини ҳам танқид қилди. Апелляция палатаси қўшимча иш юритиш доирасида Каримованинг маблағларини мусодара қилиш айбсизлик презумпциясини бузганлигини ва асосий тергов ҳали ҳам давом этаётганини аниқлади.
Грегуар Манжа Twitter`да «293 млн франкнинг мусодараси бекор қилинганини» ёзиб қолдирди.
Агентлик қайд этишича, суд қарори Каримовага ўзининг музлатиб қўйилган маблағларининг бир қисмини қайтариб олишга ёрдам беради. Гап 293 млн Швейцария франки ($303 млн) ҳақида кетмоқда. Бу Ўзбекистон мамлакатга қайтармоқчи бўлган хорижий активлар миқдорининг чорак қисмидан сал кўпроғини ташкил этади.
Эслатиб ўтамиз, 2019 йил 18 мартда Тошкент шаҳар суди ҳукми билан Гулнора Каримовага 13 йил 4 ой муддатга озодликдан маҳрум қилиш жазоси тайинланди.