Гүлнара Каримова $240 миллионға жылжымайтын мүлік сатып алған
ТАШКЕНТ. 15 наурыз. Өзбекстанның бұрынғы президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова 240 млн долларға бірнеше жылжымайтын мүлікті сатып алған болып шықты. Бұл туралы «Озодлик» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Freedom For Eurasia-ның есебіне қарағанда, Өзбекстанның бірінші президентінің қызы Гүлнара Каримова Лондоннан бастап Гонконгқа дейінгі аралықтағы түрлі қалалардан жалпы құны $240 млн тұратын жылжымайтын мүліктерді қобық компаниялар арқылы егеленіп қойған.
Би-Би-Си тілшісі Ньюс Энди Верити осы ұйымның есебі негізінде Гүлнара Каримованың жемқорлықпен және парақорлық жолымен жиналған ақшаға бірнеше особняк пен ұшақтар сатып алғанын жазады.
Лондон мен Британиялық Виргиния аралдарындағы бухгалтерлік фирмалар Каримованың мәмілелер жасауына көмектескен.
«Есеп Ұлыбританияның заңсыз меншікпен күресуге күш салғанына күмән келтіреді», – дейді Энди Верити.
«Каримованың Британиядан оп-оңай жылжымайтын мүлік сатып ала салуы – алаңдатарлық», – делінген баяндамада.
Тек есепте осы мәмілелер бойынша жұмыс жасасқан компаниялар олардың Каримовамен байланысы барын білген-білмегені ғана ашып айтылмайды.
Freedom For Eurasia зерттеушілері жылжымайтын мүліктердің тіркелу тізіміндегі құжаттарды тексеріп шыққаннан кейін Гүлнара Каримованың өзі қамалғанға дейін Ұлыбританияда, Швейцарияда, Францияда, Дубайда және Гонконгте шығу тегі күмәнді ақшаларға кемінде 14 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алғанын анықтады.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.