АҚШ билігі Израильден босқындар лагерін неге атқылағанын түсіндіруді сұрады
УАШИНГТОН. 4 қараша. АҚШ билігі Израильден Газа секторындағы Джабалия босқындар лагеріне не үшін әуеден соққы бергенін айтып беруді талап етті. Бұл туралы Politico ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Тұрғындар тығыз орналасқан қонысқа берілген авиалық зарп салдарынан ондаған адам қаза тапты.
«АҚШ Джабилияға бірінші соққының берілуі жөнінде түсініктеме беруді сұрады», – деп мәлімдеді америкалық щенеунік әңгіменің «Израильден бұдан кейін бұлайша бейбіт тұрғындарды қырғынға салудан қашық болуды өтіну» тұрғысында жүргенін білдіре отырып.
АҚШ Израильден жанжалдың басынан бергі мақсаты мен оған жету жолындағы тәсілдері қандай екеніне қатысты сұрақтарға жауап беруде сұрай келіп. Алайда, деді әлгі шенеунік, Ақ үй Израильді қолдауды сол қалпында жалғастырып келеді.
Израиль армиясы (ЦАХАЛ) бұдан екі күн бұрын Газа секторы мен оның айналасын толық қоршауға алуды аяқтады. The Hill газетінің жазуынша, ЦАХАЛ өкілі Даниэль Хагари қала қоршауға алынғаннан кейін Израиль армиясына соғыс кемелері мен авиация көмекке келетінін мәлімдеген. Басылым Натьянахудың ХАМАС-ты осы жерде түгел жойып жібермек болып отырғанын жазды.
Израильдің соғыс операциясы басталғалы бері Газа секторында 9 мыңға жуық палестиналық бейбіт тұрғын оққа ұшты.
Еврейлер мемлекетінің авиациясы соңғы күндері Газа секторындағы мектепті де бомбылады. Әртүрлі бағамдар бойынша мұнда 20-дан 50-ге дейін адам ажал құшқан.
Бұдан қалды, құдайдан безген Исраэль ұрпақтары кеше палестиналық «жедел жәрдем» көліктерінің колоннасын да оқты астына алды.