Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Кремль кезекті мәрте Путиннің ешқандай «тұрпаттасы» жоқ екенін мәлімдеді

МӘСКЕУ. 5 қараша. РФ билігі апта ішінде үшінші мәрте жұртты президент Владимир Путиннің өзінен басқа «тұрпаттастары» да бар екеніне сенбеуге шақыруға мәжбүр болды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кремль соңғы кездері Владимир Путиннің «тұрпаттастары» бар екені жайлы әлеуметтік желілер мен интернет басылымдарда кең етек ала бастаған қауесетті жоққа шығаруды жалғастырып келеді.

Кеше сенбі күні диктатордың жеке баспасөз хатшысы Дмитрий Песков соңғы екі апта ішінде үшінші мәрте Путиннің «дублерлер» қызметіне жүгінбейтініне сендіріп, қоғамға мұндай хабарламалардың не үшін керек болғанын түсінбейтінін жеткізді.

«Путин бізде біреу ғана», – деп мәлімдеді Кремльдің спикері өз қожайынына адал екенін тағы білдіріп.

Биылғы сәуір айында Песков өз шефінің денсаулығы күрт нашарлап кеткенін де жоққа шығарып еді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button