Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қызылорда облысының экономикасында биыл біршама өсім бар

ҚЫЗЫЛОРДА. 30 қазан. Қызылорда облысында жыл басынан бері әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштері бойынша өсімнің оң динамикасы қалыптасты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жылдың артта қалған он айының басты көрсеткіштері көңілге қуаныш ұялатады. Өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы барысында айтарлықтай оң өзгерістер мен елеулі серпінді серпілістер бар.

Атап айтқанда, осы аралықта облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 763,6 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Бұл жөніндегі көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 0,7 пайызға артса, өңдеу өнеркәсібі 15,8 пайызға артық орындалған. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында брифингте облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков  осылардың жайын тарқатып айтты.

«Өсім негізінен тамақ өнімдерін өндірудің 3,1 пайызға, мұнай өңдеу өнімдерін өндірудің 13,5 пайызға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірудің 13,7 пайызға, өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндірудің 21,6 пайызға, металлургия өндірісінің 36 пайызға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнатудың 38,9 пайызға артуы есебінен қамтамасыз етілген. 2023 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында облыста жалпы құны 3,9 миллиард теңгені құрайтын, 199 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны іске асыру жоспарланған», –- деді Қамбарбек Амангелдіұлы брифингте.

Басқарма басшысы Қамбарбек Мүбараков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алдағы уақытта да осындай брифингтердің жүйелі өтіп тұратынын баяндады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button