Махачкала әуежайында жұрт Израильден келген ұшаққа шабуыл жасады
МАХАЧКАЛА. 30 қазан. Ресейдің Дағыстан республикасының байтағы – Махачкала қаласының аэропортында жергілікті жұрт қырғын бүлік шығарып жатыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Әуежайға Тель-Авивтен рейс ұшып келуіне байланысты жергілікті жұрт өкілдері шұғыл жиналды. Мұнда қолдарына Палестина жалауы мен плакаттар ұстап келген олар бірден ұшаққа қарай ұмтылды, сосын «Израильден келген босқындарды» іздеп, аэропорттан шығып бара жатқан көліктердің бәрін тексеріп тұрды.
Мұның алдында Baza telegram-каналы «Израильден шыққан босқындарды Дағыстанға «Победа» авиакомпаниясы әкеле жатқанын жазған еді.
Полиция әуелгіде тобырдың жолына кесе-көлденең тұрмады, тек өздерін «қалыпты» ұстауға шақырып, аэропорт ауданындағы интернет байланысын баса түсті. Сол тұста елірген жастар ғимараттың есіктерін қиратып, ойларына істеуге көшті. Сосын әуежайдың ұшу алаңына шығып кетті. Олар Израильден келген ұшақты басып алуға тырысты. Осыдан кейін шұғыл түрде арнайы мақсаттағы сарбаздар жеткізілді.
Дағыстанның ұлттық саясат министрі Энрик Муслимов пен жастар істері жөніндегі министрі Камил Саидов жүгенсіз топпен келіссөз жүргізу үшін оқиға орнына келді.
Жолаушылардың басым бөлігі әуежайдан шығып кете алмай қалды.
Қазір тергеу комитеті орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғаларына орай қылмыстық іс қозғады.
Осыдан кейін Махачкала аэропорты 2023 жылдың 6 қарашасына дейін жабылды.