ХАМАС-ты «азат етушілер» деп атаған Ердоған Израильге бармайтын болды
АНКАРА. 25 қазан. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған кенет ХАМАС-ты «моджахедтерлің азат етуші тобы» деп атап, Израильге баратын сапарын кейінге қалдырды. Бұл туралы Reuters дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Анадолы елінің басшысы Реджеп Тайип Ердоған Израиль басшылығының ХАМАС содырларына қарсы күрес кезіндегі әрекеттерін сынға алды да, Израильге баруға бұрын белгіленіп қойылған сапарын тоқтатты.
Ол «Израиль мен басқа елдердің бәрі» ислам қозғалыстарынан тек терорлық көретіндерін айта келіп, өзі ХАМАС-ты «моджахедтерлің азат етуші тобы» деп есептейтінін мәлімдеді.
Ердоған «Израиль тарапының көрсетілген қамқорлықты тым асыра пайдаланатынын» атап өтті. Еврейлер Израиль-Түркия қарым-қатынасының қалыптасу үдерісі барысында Түркияның «мейірбандылығын көбірек пайдаланғанымен», өзі сондай тектес бірде-бір жылы қадам қабылдаған жоқ деген шағым айтты.
Түркия президенті Газа секторында кінәсіз адамдардың көптеп қырылып жатқанын айтты. Бұл жағдай жалғасып жатқанда, «ештеңе де Таяу Шығысқа тыныштық әкеле алмайды». Ол сондай-ақ «БҰҰ-ның «израильдіктер тарапынан болып жатқан мыңдаған жазықсыз адамдарды, соның ішінде басым көпшілігі балаларды аяусыздықпен өлтіріліп жатқан» жағдайда қауқарсыздық танытып отырғанына» қатты қапа болып, жаны ауыратынын жеткізді.
Суретте: Ердоғанның қолында Израильдің 1949 жылдан бастап күні бүгінге дейін Палестинаның қанша жерін басып алған динамикасын көрсететін карталар