25 Тамыз, 17:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Жындыхана» жалғасуда: қарашайлар да Кадыровтың ұлын марапаттады

25 Қазан 2023 20:05
- Жаңалықтар, Оқиға
«Жындыхана» жалғасуда: қарашайлар да Кадыровтың ұлын марапаттады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЧЕРКЕССК. 25 қазан. Ресейдің Қарашай-Черкес автономиясының басшысы Рашид Темрезов шешен лидерінің 15-тегі ұлына мемлекеттік марапат тапсырып, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Түрмеде шынжырлаулы жатқан адамды ұрған сотанақ мұндағыдарды да естен тандырған көрінеді. Сондықтан автономия төрағасы оны «Қарашай-Черкес республикасы алдында сіңірген еңбегі үшін» деген мемлекеттік орденмен наградтауға шешім қабылдапты. Ал марапат 15 жастағы жасөспірімге «ұлт аралық және өңір аралық бірлікті дамытуға, дәстүрлі ислам құндылықтарын нығайтуға қосқан жеке үлесі» үшін лайықты деп табылыпты-мыс. Мұны Темрезов өзінің телеграм-каналында жазды.

Осының қарсаңында, 24 қазан күні Татарстан райысы Рустам Минниханов «ұлт аралық және конфессия аралық татулық пен келісушілікті нығайтуға қосқан айтарлықтай үлесі» үшін Рамзан Кадыровтың ұлы Адамды «Дуслык» орденімен марапаттап, оны өзі Грозныйға әкеп тапсырып кетіп еді.

Сонда Құранды өртегені үшін ұсталып, Грозныйдағы уақытша ұстау оқшаулағышында қамауда отырған Волгоград тұрғыны Никита Журавельді тәртіп сақшыларының қамсауында келіп, ұрып кету «таңғажайып ерлік» болыпты бұлар үшін.

Мұның бәрі Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың өз ұлы Адам Кадыровқа осы «ерлігі» үшін Шешенстан батыры атағын беруінен бастау алды.

Сол оқиғадан кейін Татарстан мемлекеттік кеңесінің депутаты Азат Хамаев өзінің біраз ашуын білдірген еді. «Біз қандай құқықтық алаңда өмір сүріп жатырмыз? РФ субъектісінің басшысы қамаудағкы адамды ұрғаны үшін өзінің ұлына Шешенстан батыры атағын береді», – деген ол. Алайда кейінірек бұл сөзін қайтып алды. Ал республика басшысы Минниханов мұны депутаттың жеке пікірі екенін айтқан болатын.

Айтқандай, Рашид Темрезовтің ұлты – қарашай. Өз тіліндегі аты-жөні – Рашид Борисбийни джашы Темирезланы. 1976 жылы туған. Республиканы 2011 жылдан бері басқарып келеді.

Қарашайлар мен Кабарды-Балқарияда тұратын малқарлар, негізі, бір халық болып саналады. Олар, қазақтар сияқты, түркі тілінің қыпшақ тілдері тобында сөйлейді.

Таңбалар: Адам КадыровҚарашай-ЧеркесияорденРашид Темрезов

Ұқсас мақалалар

Ресейде Шыңғыс хан қолбасшысы құрметіне орден тағайындалды
Әлеумет

Ресейде Шыңғыс хан қолбасшысы құрметіне орден тағайындалды

19.05.2026
Татарстан басшысы Кадыровтың түрмедегі адамды ұрған ұлын марапаттады
Жаңалықтар

Татарстан басшысы Кадыровтың түрмедегі адамды ұрған ұлын марапаттады

25.10.2023
Тұтқындағы кісіні ұрған Кадыровтың ұлы Шешенстан батыры атанды
Жаңалықтар

Тұтқындағы кісіні ұрған Кадыровтың ұлы Шешенстан батыры атанды

07.10.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist