Украина әскерлері РФ-ның Севастопольдегі флоты штабын тас-талқан етті
КИЕВ. 22 қыркүйек. Украина қарулы күштері Ресейдің Қара теңіз флотының Севастопольде орналасқан штабының шаңырағын ортасына түсірді. Бұл туралы «Диалог.ua» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бүгін, 22 қыркүйек, жұма күні күндіз Севастопольде жарылыстар сериясы басталып кетті. Оккупанттар өздерінің Қара теңіз флотының қаладағы базасына ракетамен жойық шабуыл жасалғанын баяндады.
Әлеуметтік желіде Ресейдің әскери нысанында орын алып жатқан жарылыстар түсірілген көптеген видеолар пайда болды. Онда Ресей штабының орасан зор шығынға ұшырағаны айтылып жатыр.
«Қатар жұмыс істеудеміз. Штабтың бір жағы тесіліп қалды. Жарылыстың толқыны сұмдық», – деп жазды Севастопольдегілер.
Ақпарды Севастопольдің Кремль тағайындаған «губернаторы» Михаил Развожаев растады.
«Жау флот штабына ракетамен соққы берді. Луначарский театры жанына жарқыншықтары түсті. Тыныштық сақтауды және фото мен видео салмауды өтінемін», – деп жазды гауляйтер.
Ол әдеттегідей болған оқиғаның шындығын жасырып қалған жоқ. Бұрынғыдай «ПВО-ның сәтті жұмысы жайлы да ауыз ашпады.
Украина Қарулы күштерінің Севастопольдегі сәтті шабуылынан кейін АҚШ президенті Джо Байден өз елінде сапарда жүрген Украина президенті Володимир Зеленьскийге қару-жарақтың жаңа түрлерін бөлуге уәде берді. Ол арнайы айтып өтпесе де Американың бұқаралық ақпарат құралдары бұлардың арасында алысқа атылатын ATACMS ракетасы да бар екеніне еш күмәнданып отырған жоқ.