БҰҰ: Ресей солдаттары қолға түскен украиндарды әбден азаптап өлтірген
ЖЕНЕВА. 25 қыркүйек. Ресей оккупанттары украиндарды аяусыз азаптаған, кейбіріне өлгенше азар берген. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған Украинадағы жөнсіздіктерді тексеру жөніндегі халықаралық тәуелсіз комиссия осындай мәлімет таратып отыр. Комиссия сондай-ақ Ресей бұқаралық ақпарат құралдарын «геноцидке азғырушы ретінде танылуы мүмкін» деп есептейді.
«Ресей қарулы күштері соғыс қылмыстарын жасауды жалғастыруда. Оның қатарында тұрғын үйлерді, медициналық мекемелерді, теміржол және энергетикалық инфрақұрылым нысандарын жарып жіберу де бар», – делінген комиссия баяндамасында. Женевада сөйлеген комиссия төрағасы Эрик Мёсе бұл ғимараттар мен олардың айналасында «әскерилерге қатысты ештеңе де болмағанын» атап көрсетті. Солай бола тұра, Реесй қорғаныс министрлігі бірнеше рет осылайша азаматтық нысандарды бомбылап шыққаннан кейін соққыларлың әскери нысандарды жою үшін берілгенін айтып ақталып келді.
Комиссия сондай-ақ «бейбіт тұрғындарға залал келтіретін шабуылдардың, азаптаулардың, сексуалды және гендерлік зорлықтардың орын алғанын» атап өтті.
Адамдарды азаптаулар «кеңінен етек алған және жүйелі түрде жасалып тұрған». Мұны Херсон мен Запорожье жерлерінде жүргізілген тексерулер көрсетті.
Комиссия Ресей солдаттарының Херсон облысында 19-дан 83 жасқа дейінгі әйелдерді зорлағандарын анықтаған. Бұлардың дені көп жағдайда отбасы мүшелерінің көз алдарында жасалған.