Теннисші Мария Шарапова кәсіпқойлық мансабын аяқтады
НЬЮ-ЙОРК. 26 ақпан. Ресейлік атақты теннисші Мария Шарапова өзінің спорттағы кәсіпқойлық мансабын аяқтады. Бұл туралы «The New York» хабарлады.
«Мария Шарапова кәсіпқойлық теннистен 32 жасында кетеді. Ол ойнаудан шаршапты, өз денесімен күресуден шаршапты», – деп жазды «The New York» газетінің журналисі Кристофер Клэри өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Бүгін Мария Шарапованың өз сөздері де «Vanity Fair» сайтының бетінде жарияланды. «Өзің бұрыннан білетін жалғыз тіршілікпен қалай қоштасуға болады? Бала жасыңнан жаттығып келе жатқан корттан, өзің сүйетін, өзіңе жұрттың бәрінен жасыратын көз жасы мен сөзбен суреттеуге болмайтын қуаныш әкелетін ойыннан қалай кетуге болады? Сен өзіңнің отбасыңды және саған 28 жылдан артық тірек болып жүрген табынушыларыңды тапқан спорттан қалай кетесің? Мен үшін бұл жаңа нәрсе, олай болса, мені кешіріңіздер. Теннис, мен сенімен қоштасамын», – деп жазды Мария.
Мария Шарапова бұл кезге дейін «Үлкен шлемге» кіретін «Уимблдон» (2004), «US Open» (2006), «Australian Open» (2008) және «Ролан Гаррос» (2012, 2014) турнирлерін 5 рет ұтып алды, WTA-ның 39 турнирінде (36-сын жеке разрядта), WTA-ның жеке разрядтағы қорытынды чемпионатында (2004) жеңіске жетті. Ол сондай-ақ жеке разрядта Федерация Кубогының жеңімпазы (2008), 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері болып табылады.
2016 жылғы маусым айында Мария допингке қарсы ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді. Шектеу мерзімі 2017 жылғы 16 сәуірде аяқталды.
Өткен жылы кезінде әлемнің бірінші ракеткасы болған спортшы жарақатына байланысты небәрі сегіз турнирге ғана қатыса алды. Олардағы ең ірі табысы Шэньчжэнде өткен турнирде ширек финалға жеткені болды. Ол биылғы маусымды Брисбендегі турнирден бастады, бірақ бірінші айналымнан өте алмады. Биылғы жылғы 21 қаңтарда Мария кортқа соңғы рет шықты. Ол Мельбурнде өткен «Үлкен шлем» сериясы турнирінде 23 жасар хорват теннисшісі Дония Векичтен 3:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды.
Қазіргі сәтте Шарапова WTA рейтингісінде 145-орында тұр.