Литвадағы орташа жалақының көлемі – 1360 еуро
ВИЛЬНЮС. 26 ақпан. Литвада орташа жалақының көлемі өткен жылдың соңынан бері 1360 еуро болып тұр. Бұл туралы Delfi.lt хабарлады.
«2019 жылдың төртінші тоқсанында, 2018 жылдың төртінші тоқсанындағы жалақыға қарағанда, 14,1 пайызға ұлғайды», – деп хабарлады статистика департаментіндегілер.
Хабарламаға сәйкес, мемлекеттік сектордағы жалақы – 19,9 пайызға, жеке сектордағы айлық 12,9 пайызға көбейген.
Бұл кезеңде ео шаруашылығында жалақы 11,9 пайызға артқан. Мұның мемлекеттік сектордағы үлесі – 14,6 пайыз, ал жеке сектордағы еншісі 10,7 пайызды құраған.
Сонымен бірге, мемлекеттік сектордың «қағаздағы» жалақысы, яғни жалпы есептелетіні 8,6 пайызға, жеке сектордағысы 7,4 пайызға ұлғайған. 2019 жылғы төртінші тоқсандағы «қағаздағы» орташа жалақы 1360 еуро (555 641,60 теңге) болған. Ол үшінші тоқсанмен салыстырғанда, 3,1 пайызға көбейген. Сөйтіп, мемлекеттік секторда 6,8 пайызға артып, 1460 еуроға (574 435,00 теңге), жеке секторда 1,6 пайызға өсіп, 1310 еуроға (535 213,60 теңге) жеткен.
Елде биылғы жылы қартаюға және мүгедектікке байланысты берілетін зейнетақының мөлшері 9 пайызға ұлғайды. Ендігі есеп бойынша, литван ардагерлері 377 еуро (153 825,12 теңге) зейнетақы алады. Өткен жылы бұл 345 еуро (149 953,20 теңге) болып еді.