«Жиіркенішті!». Топ-теннисшілер жарыстардан өз еріктерімен кетіп жатыр
ВАРШАВА. 25 қыркүйек. Қытай астанасында бұған дейін осы айда өткен және алдағы күндерде басталғалы тұрған турнирлерден топ-теннисшілер жаппай өз еріктерімен шығып кетуде. Бұл туралы championat.com ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Қым-қуыт турнир кестесі жұрттың бәрінің зықысын шығарды». Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына осылай деп жазған әлемнің әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы, поляк қызы Ига Свинтек жалпы Азия құрлығында ойнаудан бас тартты. Сонда оған не болып қалды?
Ол өзінің жазбасында ерлер арасындағы ассоциация – ATP мен әйелдер арасындағы сондай ұйым – WTA-ның екі түрлі құрылым екенін, олардың әрбірі өз ережелеріне сәйкес жұмыс істейтінін еске салып өтеді. Ал ерлер мен әйелдер турларының бір басқару органына бірігуі туралы қауесеттің естілгеніне біраз уақыт болды, бірақ бұл әлі ауада қалқып тұр, мәселенің осылайша қашан оңды шешілері әзірге белгісіз. Бұлардың екі түрлі құрылым болғаны халықаралық турнирлердің жіптіктей болып өтулеріне ұдайы кедергі келтіруде. Дегенмен, екі ұйымға кем дегенде бір ортақ нәрсе бар. Мұндағы мәселе соңғы уақытта екі жақтың да үздік теннисшілерінің наразылығын тудырған қарбалас, қым-қуыт, жанталас күнтізбелері турасында болып отыр. Әдетте өте жылдам қарқынмен бір турнир өтіп болысымен, келесі бір сондай сайыс тағы әлекедей жаланып дайын тұрады. Шынына келгенде, спортшылар демалып та үлгермейді.
Енді ATP мен WTA-ның Бейжіңдегі турнирлері қыркүйектің соңы мен қазан айының басында өтеді. Ол ерлер үшін «бес жүздіктегі» спортшыларды қамьыса, әйелдер «мыңдықтың» ауқымында, яғни, теориялық тұрғыдан барлық мықтылар қатысатын жарыста шайқасады. Бұл сайыстың өту сапасын төмендетіп, қатысушылар ахуалын қиындата түседі.
«Жеке мәселелерге байланысты мен Бейжіңдегі Қытай ашық чемпионатынан бас тартуға мәжбүрмін. Бұл ұят, өйткені мен өткен жылы осында ойнап, жеңіске жеткен кездерімді жақсы өткіздім. Мен сонда оралуды асыға күттім. Бұл жолы қатыса алмайтыныма өкінемін», – деді поляк теннисші қызы осы орайда.
Свинтек таяуда өткен АҚШ ашық чемпионатынан бері ойнаған жоқ, осылайша ол қатарынан екінші турнирді жіберіп алды. Бұған дейін Сеулдегі «бес жүздікте» ойнаған. Польшалық теннисші гастрольдік кестенің тығыздығына бірнеше рет шағымданған.
«WTA турнирлерге көп нәрсені уәде етті… Олар үшін ұстанымын өзгерту қиын, бұл – бизнес. Менің ойымша, ойыншылар мұның ақылсыз нәрсе екенін түсінеді (күледі), өйткені кесте өте қиын. Мен бұл туралы Цинциннатиде айттым. Кейбіреулер мені сонша көп турнир ойнамауым керек дейді. Бірақ бізде міндетті турнирлер бар, оларға өтініш беру керек. Бізде ештеңемен жұмыс істеуге, байсалды ойлауға уақыт жоқ, өйткені біз бірден бір турнирден екіншісіне өтіп жатырмыз. Жылдың аяғында да үлгермейміз, өйткені бірінші турнир 29 желтоқсанда басталады. Сондықтан, әрине, маусым тым ұзақ. Менің ойымша, бұл өзгерту керек. Бұл жанкүйерлер үшін жақсырақ болады, өйткені олардың сүйікті ойыншылары енді жиі ойнауға немесе тым жиі жарақат алуға тура келмейді. Сондай-ақ, осылайша біз жақсырақ ойнай аламыз деп айтар едім», – деді Свитек US Open турниріндегі баспасөз конференцияларының бірінде.
Қазақстандық Елена Рыбакина да Нью-Йоркиен кейінгі ресми матчтарда әлі алаңға шыққан жоқ. Және ол жақын арада шыға да қоймайды. «Арқамнан алған жарақатыма байланысты, өкінішке орай, алдағы Азия турнирлерінен бас тартуға мәжбүрмін. Мен қалпына келтіру үшін әлі де көп жұмыс істеймін. Медициналық командам денсаулығымыза басымдық берген дұрыс деп шешті. Бұл қиын жыл болды, мен турнирді ұйымдастырушыларға және барлық жанкүйерлеріме қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Команда мен мен маусымның соңына дейін кортқа оралуымды қамтамасыз ету үшін жұмыс істейміз», – деп келтіреді WTA баспасөз қызметі оның сөзін.