ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Шиелілік отбасыларға жоспардан тыс 1520 гектар егіндік жер бөлінді

ШИЕЛІ. 4 тамыз. Қызылорда облысың Шиелі ауданының тұрғындарына көкөніс-бақша дақылдарын егу үшін жоспардан тыс 1520 гектар жер дайындалды. Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл Шиелі ауданының тұрыңдарына жоспардан тыс 1520 гектар қосымша жер дайындалып, 1390 отбасына үлестірілген. Оның ішінде 520 гектар жерге тамшылатып суару әдісі арқылы көкөніс, бақша дақылдары егілді», – делінген басқарма хабарламасында.

Ауданда жыл басынан бері сауда орындарында жасанды баға көтеру фактілерін болдырмау үшін азық-түлік жеткізуші кәсіпкерлер арасында бағаны ұстап тұру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Нұр», «Арсен», «Аян», «Қайсар», «Береке» және «Қазына» секілді ірі сауда нысандарымен, тағы басқа дүкендермен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылған. Бүгінде өнімдерге сұраныстың өсуі, өнім жетіспеушілігі байқалмайды.

Сондай-ақ, ауданның экспорттық әлеуетін арттыру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тауарларын сырт елдерге экспортқа жөнелту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы мамыр айында Қырғызстанға 20 тонна ақ күріш, Ресейге 421 тонна қарбыз, 275 тонна қауын, 330 тонна помидор экспортталды. Сонымен қатар, Астана, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды, Жезқазған қалаларына 18 500  тонна ақ күріш, 1 200 тонна қарбыз, 13 400 тонна помидор, 3 800 тонна қауын және 22 000 тонна жоңышқа жөнелтілген.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button