Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Қызылордада қап шығаратын зауыт бар

Қызылордада кәсіптің көзін тауып, халық тұтынатын тауар дайындап жатқан қап зауыты бар. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне сүйенсек, кәсіп иесі Ербол Қожанбаев өз ісіне шынайы берілген азамат цехты кеңейту жұмыстарының қалай жүріп жатқандығын,шикізаттың қайдан алынып, өнімнің қайда сатылатындығын айтып берді.

Қалдықсыз өнім өндіретін өндіріс ошағы айына 800 мың қап тоқиды. Мұнда 17 адам еңбек етеді. Барлығы да – жергілікті тұрғындар. Отандық өнімнің әлеуетін арттырғысы келетін кәсіп иелерінің басты мақсаты – сырттан келетін тауарларды ығыстырып, өнімнің қолданыс аясын кеңейту.

Шағын зауыттағы тіршілік қарбалас. Күріш қабы дайын болғанға дейін бірнеше сатыдан өтеді. Әуелі пропилен түйіршіктері арнайы қондырғыда ұсақталып, 250 градусқа дейін қыздырылады. Одан күнделікті тұрмыста қолданылып жүргендей кәдімгі пленка шығады. Жіңішке, тілініп, тоқуға иекемделеді. Содан кейін ол пленка иіріліп, жіпке айналады. Жіпті станокқа қояды. Бірнеше жіп тоқылып, жиектеме тігіліп, қапқа айналады екен.

«Зауыт өз жұмысын ақпан айында бастады. Шикізатты Атыраудан аламыз. Қазіргі кезде 14 станогымыз бар. Алдағы уақытта зауытта түрлі-түсті логотипті басып-шығару, вакуумдық қаптарын әзірлейтін, қолғап шығаратын станоктарын алуды жоспарлап отырмыз. Жоспарларымызды іске асырған жағдайда 200-ден астам адамды жұмыспен қамтимыз. Ол үшін бізге мемлекеттен қолдау қажет», – дейді кәсіпкер.

Кәсіпорын басшысы алдағы уақытта қалдықтарды қайта өңдейтін құрылғы сатып алып, станоктардың санын көбейтуді, қапты еліміздің басқа да қалалары мен өзге елдерге сатылымға шығаруды басты мақсат етіп қойып отыр.

Жансая НҰРҚОЖА

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button