HIMARS Жарылгач аралында ресейліктердің бес бөлімшесін ту-талақай етті
КИЕВ. 1 тамыз. Украина қорғаныс күштері Херсон жеріндегі Жарылгач аралына шоғырланған РФ әскерлерін HIMARS-тың көмегімен талқандап тастады. Бұл туралы «Диалог.ua» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресейлік Z-телеарналар Украина Қарулы күштерінің HIMARS дүркін отты реактивті жүйесі көмегімен РФ армиясының бес жаяу әскер бөлімшесін түк қалдырмай жойып жібергенін видеодан көріп қалып, үлкен үрейге бой алдырып жатыр. Оның кадрлары «Украина 365» telegram-каналында көрсетілді.
Ресейліктер «Украинның Мальдивы» атанған Жарылгачта 2023 жылғы мамырда жаттығу лагерін салып қойған еді. Аралды украин әскерлерінен қауіпсіз санаған олар бұл жерде мобилизация бойынша келген жауынгерлерді жаттықтырды. Алайда Украина Қорғаныс күштері мұнда да қолдары жететіндерін өте тез көрсетіп үлгерді.
Украина Қарулы күштері РФ армиясы жаяу әскерлерінің командирлері алдында бір сызық бойында түгел сапқа тұратын сәтін асықпай күтіп жүрді. Ақыры оның да уақыты келді. Сол кезде аталмыш нүктеге құйғытып тұрып соққы берді. Олар HIMARS-тан бес ракета ұшырып, бәрін сол жерге бірінен кейін бірін қалады. Снарядтардың бәрі көзделген нысанаға дөп тиді. Отты қалай қарай бағыттау керек екенін украиндардың барлаушы дроны көрсетіп берді.
Z-каналдарда осыдан кейін орасан зор дүрбелең басталып кетті. Қояншықтың қозбасын алдымен «әскери тілші» Филатов жасады. Ол видеоны көрген бойда жынданып, солдаттарды бір сызықтың бойына қадап қойып, сап түзеткен РФ қарулы күштері басшылығын жерден алып, жерге салды.