АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қызылорда облысының әкімі Қармақшы ауданында болып қайтты

ЖОСАЛЫ. 2 тамыз. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарымен Қармақшы ауданында болып, өңірде жасалып жатқан жұмыстар жайымен танысты. Бұл туралы облыстық әкімдік баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аймақ басшысы ауданда болған кезінде бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына сатып алынатын 50 тұрғын үйдің дайындығын байқады.

Елімізде «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде «Тұрғын үй саласындағы іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан 50 тұрғын үй сатып алуға Ұлттық қордан Қармақшы ауданына 480 млн теңге қаржы бөлінген. Осы қаржыға аудан орталығынан 50 тұрғын үй сатып алу жоспарланған. Бүгінгі күні 12 үй пайдалануға беруге дайын. Әрбір пәтердің орташа аумағы 60 шаршы метрді құрайды

Аймақ басшысы қалған үйлерді де уақытылы пайдалануға беріп, дайындық жұмыстарының сапасын жіті қадағалауды тапсырды.

Ауданда облыс әкімімен бірге Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев та болды.

Жансая НҰРҚОЖА

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button