25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина әскерлері Белгород облысының бір деревнясын басып алды

24 Наурыз 2025 21:56
- Жаңалықтар, Қайнар
Украина әскерлері Белгород облысының бір деревнясын басып алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 24 наурыз. Украина Қарулы күштері РФ-ның Белгород облысының тағы бір елді мекеніне басып кірді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресейлік ақпарат құралдары Украина Қарулы күштерінің Сумы облысының тұсынан Белгород облысына шабуыл жасап, Демидовка селосына толық бақылау орнатқанын, сонымен қатар Поповкаға шабуылдап жатқанын растады. Қазір сол жерде кескілескен ұрыс жүріп жатыр.

Украина армиясы жаңа операциясын сәтті бастап, Ресейге тереңдеп кіруде. Ресейлік әскери насихатшылар мен Z-war тілшілері украин әскерлерінің Белгород облысындағы Демидовка елді мекенін басып алғанын мойындады. Оның үстіне, дәл осы уақытта Украина әскері Поповкаға қауырт шабуыл жасауда.

Украина Қарулы күштерінің ілгерілегенін тек украин әскери ақпарат мәнбелері ғана емес, сонымен бірге ресейлік блогерлер де растап отыр. Осылайша, Romanov Лайт telegram-арнасының әскери тілшісі Ресейдің ұшқышсыз ұшақтары түсірген Демидовканың суреттерін жариялап, оған «Демидовка, Красноярск ауданы, Белгород облысы» дегене анықтама қосты. Фотода Украина Қарулы күштерінің басып алынған аумақтағы қозғалысы көрсетілген.

Сондай-ақ «Рыбарь» әскери telegram-арнасы украин әскери бөлімшелерінің Белгород облысында шабуылдарын жалғастырып жатқанын хабарлады. «Жау бөлімшелері Демидовка ауданына қайта-қайта шабуылдауда, шекаралық аймақта ұрыс жүріп жатыр», – деп жазады ол.

Немістің Bild газетінің хабарлауынша, Украина армиясы Ресей шекарасынан 500 метрден 2 шақырым ілгерілеп, 10 шақырымдық шекара аймағындағы тағы үш селоға қарай жылжып барады. Украина Қарулы күштеріне жақын дереккөздердің хабарлауынша, операцияның мақсаты Сумы облысын Ресейдің ықтимал шабуылдарынан қорғау үшін Ресей аумағында буферлік аймақ құру болып табылады.

Украина әскерінің Курск аймағындағы бірнеше айға созылған шегінуі үлкен жоспардың бір бөлігі ғана болып шықты. Bild мәтбұғатының әскери шолушысы Джулиан Репке: «Украина Ресей аумағының басқа бөліктеріне жаңа шабуыл жасау үшін ол жақтан өз күштерінің басым бөлігін, оның ішінде элиталық бөлімшелерін арнайы шығарды», – деп жазды.

Ескерте кетейік, Белгород облысының жері ежелден Киев Русінің қарамағында болды, кейін Литва кінәздігіне қарады, ал 1918-1928 жылдары Украина құрамына кірді. Содан кейін ол Ресейге өтіп, Курск және Воронеж облыстарына бөлініп берілді. 1954 жылы ол жеке облыс болып құрылды.

Таңбалар: Белгород облысыРесейУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist