Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украин десантшылары Донбасста 9 селоны басқыншылардан азат етті

КИЕВ. 2 наурыз. Украина Қарулы күштері Донецк облысында Ресейдің қорғаныс шебін бұзып өтіп, 9 елді мекенді жаудан босатты. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, Донбастағы майданның Александров секторында Украина әскерлері белсенді қарсы шабуыл әрекетін тұрақты түрде көрсете бастады. Ресейдің басқыншылар армиясы майдан шебінің барлық тұстарында жаулап алуға ұмтылушылық әрекеттерін кілт тоқтатты. Бұған Илон Масктің РФ әскерлерін Starlink желісінен толық ажыратуы тікелей әсер етіп отырған сияқты.

Ресейдің Александров секторындағы қорғанысын бұзып шыққаны расталғаннан кейін Украинаның әуе-шабуыл бөлімшелері шабуылды үдете түсті.

«Қазіргі уақытта тоғыз елді мекен босатылды. Әуе-шабуыл күштері бөлімшелерінің жауапкершілігі аймағында тағы үшеуі Ресей күштерінен толығымен тазартылды. Қосымша елді мекендерді босату жұмыстары жалғасуда», – делінген мәлімдемеде.

Қатты шығынға ұшырап жатқандарына қарамастан, Ресей әскери бөлімшелері кері шегінбеуге, өз шептерінен кетпеуге тырысып жатыр. Алайда Украина шабуылының қауырт қарқыны және логистиканың бұзылуы олардың позицияларын айтарлықтай әлсіретуде.

Украина әуе-шабуыл күштері бөлімшелері жауға өз шайқас шарттарын таңып, белсенді шабуыл операцияларын жүргізіп келеді. Ресейдің бекіністегі позициялары бірінен кейін бірі жүйелі түрде алынуда. Шабуыл нақты және жаппай соққылар арқылы беріліп, басқыншылардың жеке құрамын, қару-жарақтар мен жабдықтарын жойып жатыр.

Операция басталғаннан кейін бір апта ішінде ресейлік бөлімшелердің Starlink желісіне кіруін шектеу туралы шешімдер қабылданған. Бұл олардың ахуалды бақылап отыруларын айтарлықтай азайтып жіберді.

Сонымен қатар, украин күштері жаудың логистикалық жабдықтау желілерін жүйелі түрде кесіп тастап жатыр. Әуе барлау бөлімшелері мен әскери-әуе күштерінің экипаждары үздіксіз қимылдап, қорғаныс шебіндегі нысандарды жойып, жау әскерлерін тылдан айырып отыр.

2026 жылдың 29 қаңтарында операция басталғаннан бері ресейліктердің шығындары 6 537 адамды құрады, оның 4 355-і саптан біржола шығып қалды. Он бес әскери қызметші тұтқынға алынды. 419 қару-жарақ пен техника жойылды, оның ішінде 7 танк және 14 бронды жауынгерлік машина бар.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button