Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Батыс Африка Нигердегі төңкеріс жасаушы әскерилерге ультиматум қойды

НИАМЕЙ. 31 шілде. Батыс Африка елдері қауымдастығы Нигерге блокада жариялап, билік басына президент Мохамед Базумды әкелуді талап етті. Бұл туралы Al Arabiya ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Нигерде мемлекеттік төңкеріс жасап, билікті басып алған әскери хунтаға бұл мемлекетпен көрші елдер экономикалық және көлік блокадасын жариялады, сондай-ақ бүлікшілерге биілктен аластатылған президент Мохамед Базумға өзінің барлық өкілдіктерін қайтару үшін бір апта уақыт берді. Батыс Африка елдері қауымдастығы осындай мәлімдемемен шықты.

Бірлестік Нигердегі барлық қаржылық операцияларды тоқтатады. Банктердегі активтерді бұғаттап тастайды, сонымен бірге шекараны жауып, барлық коммерциялық рейстердің жолдарын кеседі.

Егер айтылған бір аптаның ішінде Нигерде билік басына тақтан күшпен тайдырылған президент қайтып келмейтін болса, қауымдастық «барлық шараларды», – соның ішінде әскери де бар, – қолдану құқығын өзінде қалдырады. Демек, қауымдастық заңды президентті қайта әкелу үшін соғыс қимылдарына да баруы әбден мүмкін.

Нигер – Батыс Африканың соңғы жылдары әскери төңкеріс орын алған төртінші елі. Бұрын Гвинея, Буркино-Фасо және Мали мемлекеттерінде әскери хунта билік басына күшпен келген болатын.

Мохамед Базум – Нигердің демократиялық жолмен 2021 жылы сайланған заңды президенті. Ол елдің экономикасын көтеру жолында бірқатар реформаларды жүзеге асыра бастаған мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Нигер – Ресей аннексиялап алған Қырым түбегін Украинаға қайтару жөніндегі халықаралық алаңға қосылған африкалық төрт мемлекеттің бірі. Осы аптада бұл елде президент гвардиясы әскери төңкеріс жасап, мемлекет басшысын өзінің резиденциясында қамауда ұстап отырғанын және оның тақтан тайдырылғанын жариялаған еді. Бұған президенттің гвардия басшысын отставкаға жіберу жөніндегі шешімі тікелей әсер еткен.

Сарапшылар бұл төңкеріске РФ-ның және оның «Вагнер» жеке әскери компаниясының қатысы бар екендерін айтып отыр.

АҚШ, Украина және Еуроодақ Нигердегі мемлекеттік төңкерісті айыптаған мәлімдеме жасады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button