Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

«Ресей-Африка» саммиті Путиннің Африкаға артқан үміті күйрегенін көрсетті

МӘСКЕУ. 31 шілде. РФ диктаторы Владимир Путиннің тереңінен ойластырып өткізген «Ресей-Африка» саммитінің қорытындысы Кремльдің ойынынан шықпады. Бұл туралы «Диалог.ua» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазіргі таңда Ресей мен Африка елдерінің арасындағы экономикалық қатынастар өте төменгі деңгейді. Мәскеу сондықтан өзінің Батыспен бәсекелесінда «қара құрлықты» қатарына қосуға жанталаса әрекет етіп бақты. Алайда бұл жоспардың күйрей жеңіліске ұшырағаны қазірдің өзінде анық белгілі болып отыр.

Осы уақытқа дейін РФ-ның Африкамен тауар айналымы Еуропамен салыстырғанда, 40 еседен аса кем болып келіпті. Ал саммит оның көбейе түсетініне ешқандай да кепілдік бермеген. Африка елдері лидерлерінің басым көпшілігі Мәскеу жиынына келуден бас тартты. Ал келген санаулы ғана мемлекет басшылары Владимир Путинді Украинадағы бассыз соғыс пен украин порттарын бұғаттауды тоқтатуға шақырды. Оларды Ресей диктаторының $23 млрд қарыз ақшаға кешірім жасап отырғаны мен астықтың бірер партиясын тегін жеткізіп беру жөніндегі мәлімдемесі де еліктіріп әкете қойған жоқ.

Егер РФ-ның өңірлермен сауда қарым-қатынасының деңгейіне қарасақ, Африка лидерлерінің бұл көңіл-күйлерін түсінуге болады. Мысалы. Африка мен Еуропаның тауар айналымы қазіргі таңда $412 млрд-ты құраса, АҚШ-пен арадағы сауда-саттық мөлшері $68 млрд-тан асып жығылады, ал Ресеймен екеуінің үлесі $10 млрд-қа әрең толады. Бұған қоса, Батыс аталған көрсеткішті ұдайы көтеріп келсе, Ресей керісінше тұрақты түрде төмен қарай құлдырап барады.

Әлбетте, Африка елдері Мәскеумен күмәнді достыққа ұрыну үшін Батыспен қарым-қатынасты нашарлатып алуға еш уақытта да бармас еді. Оның үстіне, дәл қазір Африканың Ресейден арзан азық-түлік пен оншалықты заманауи емес қару-жарақтан басқа ала қоятын нәрселері жоқ. Бұған қоса, РФ Африканың шикізатына айрықша бір зәру емес.

Сөйтіп, «Ресей-Африка» форумы Ресей үшін жабырқаңқы аяқталды. Ол ешқандай үмітті ақтамады.

Қонақтарды Путиннің Африка елдері қайтаруға тиесілі жалпы көлемі 23 млн доллардан асатын қарызды кешіргені де селт еткізе қоймады. Оңтүстік Африка республикасы Мәскеудің 50 мың тонна мөлшеріндегі астықты тегін бермек болғанына да қатқыл жауап қайтарды. «Біз мұнда сыйлық алу үшін келген жоқпыз, бізге тегін астықтың керегі жоқ, біз оны коммерциялық бағада сатып аламыз, мұның орнына Украинамен арадағы «астық келісімін» жалғастырыңыздар», – деді республика президенті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button