Украина дрондары «Москва-Сити» мұнараларына соққы жасады
МӘСКЕУ. 30 шілде. Кеше түнде украинның ұшқышсыз ұшақтары Мәскеуге шабуыл жасап, бірнеше жерге қуатты соққы берген болып шықты. Бұл туралы ТАСС ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, «Москва-Ситиге» жасалған соққылар салдарынан «Око-2» мұнарасына елеулі зақым келген, оның біріншіден төртінші қабатқа дейінгі терезелері ұшып түскен, ғимараттың бір күзетшісі жараланып қалған.
Mash телеграм-каналына мәліметіне қарағанда, екінші беспилотник түнгі сағат 3 шамасында «IQ Квартал» мұнарасына құлаған. Оның бесінші және алтыншы қабаттарындағы терезелер шағылып қалған. Ал «IQ Квартал» сайтында бұл қабаттарға экономикалық даму, цифрлар, өнеркәсіп-сауда министрліктері мен басқа да министрліктер орналасқан.
Тағы екі дрон Мәскеудің батыс жағындағы Одинцово және Красногорск қалалары аудандарында атып түсірілген.
Осы оқиғаға байланысты Внуково әуежайы уақытша жабылған. «Москва-Сити» кешенінің айнасындағы территория қоршалған, Тестово көшесі бойындағы қозғалыс тоқтатылған.
Ресей қорғаныс министрлігі осы түнде Украина тарапынан Қырымға да шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, орыс әскерлері сол уақытта 25 дронды атып түсірген.