Коронавирустың «тісі» қандай адамдарға батпайды?
МӘСКЕУ. 24 ақпан. Қытай ғалымдары елдің орталық бөлігін жаулап алған 2019-nCoV вирусының күтпеген бір ерекшелігіне назар аударып отыр. Бұл туралы info time хабарлады.
Мамандар сонда бұл жұқпалы ауыр дерттің ылғи балаларды айналып өтіп кететін анықтаған. Бүгінгі күндері бұл елде ауырып жатқан 30 мың адамның арасында жасы 15-тен аспаған бірде-бір бала жоқ көрінеді.
«Бізге белгісіз себеппен вирус балаларды айналып өтіп, тек қана ересек адамдарды алқымнан алып жатыр», – дейді дәрігерлер.
Жағдайдың бұлай болып тұрғанын сарапшылар барынша жақсыға санап отыр. Олай дейтіні, әдетте балалар вирусты ересектерге қарағанда, анағұрлым тез таратушы болып шығады. Себебі, олар түшкірген кездерінде ауыздарын жаба қоймайды, қолдарын сирек жуады, бір-бірлеріне тым жақын жүреді. Мұның бәрі олардың арасында вирустың жылдам тарауына апарып жол ашып береді.
Қытай дәрігерлерінің айтуларынша, коронавирус эпидемиясы балаларды да қамтитын болса, аурудың тарау қарқыны қазіргіден анағұрлым қатты болып кетер еді.
Бұған да шүкір.