Ақшасын туыстарына бермей, қорларға қалдырып кеткен
КАНБЕРРА. 25 ақпан. Австралияда бір қарт әйел бар ақшасын туған-туыстарынан жасырып, қайырымдылық істеріне беріпті. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Құрлық-мемлекеттің Жаңа Оңтүсік Уэльс штатындағы Ньюкасл қаласында тұрған 87 жастағы Шейла Вудкок өмір бойы жинаған 14 миллион австралиялық долларын (9 миилионға жуық АҚШ доллары) өлер алдында 15 қайырымдылық ұйымына өсиет етіп қалдырыпты.
Әйел ешқашан тұрмыс құрмаған екен. Сондықтан баласы да болмаған. Ол бүкіл өмірін достарымен қарым-қатынас жасауға және саяхатқа шығып тұруға арнапты. Бұдан басқа, бағбандықпен және актерлік өнерін жетілдірумен айналысыпты.
Шейланың немере інілері оның бай екенін пайымдап жүреді екен, бірақ оның қаншалықты қоры бар екенін ол қайтыс болғанша біле қоймапты. Вудкок жұмыс істемепті, байлығын туыстарынан жасырып өмір сүріпті, ешқашан өзінің табыстары туралы тіс жарып көрмепті.
Қарт әйел 2018 жылғы мамыр айында 87 жасында қайтыс болады. Арада бірнеше ай өткеннен кейін жергілікті тікұшақпен оның мұрагерлері – 15 қайырымдылық ұйымының өкілдері құтқару алаңына келіп қонады. Олар әйелдің бар байлығын өзара бөлісіп алып кетіпті.
«Білмеймін, Ньюкаслде о заман да бұ заман мынадай тірлік жасағанын естіп көрмеппін, енді алда бір уақыттары қайталана қояды деп ойламаймын», – деді әйелдің бөлесі Вудкок.
Қайтсін енді!