Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Қызылорда облысында «Үздік елді мекен» конкурсы өз мәресіне жетті

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 шілде. Қызылорда облысында «Үлгілі елді мекен» және «Үздік аудан» конкурстары өзінің мәресіне жетті. Бұл туралы өз мәнбесіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, елді мекендер арасынан бірінші орынды Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылы жеңіп алған. Екінші орынға Қармақшы ауданындағы «Таң» ауылы лайықты деп табылған. Ал үшінші орынға Арал ауданының «Аманөткел» ауылы шыққан.

Осымен бір мезгілде үздік үш аудан қатарынан Жаңақорған, Шиелі және Сырдария көрінген.

Конкурс елді мекендердің көріктілігі, тазалығы жағы бойынша өткізілген.

«Конкурс комиссиясы мүшесі есебінде әділ шешім қабылдануына үлес қостық, – деп жазды конкурс мүшесі Болат Нұрхожаев Facebook әлеуметтік желісінде. – Бұл конкурс ауылдарды жаппай көгалдандыруға ынталандыруға жақсы».

Қоғам белсендісі кез келген елді мекенді азын-аулақ қаржымен-ақ екі-үш жылда жайқалған ағаштың саясындағы ауыл етіп шығаруға болатынын алға тартады. «Екі-үш жылда шамалы қаржымен-ақ ауылды жасыл желекке бөлеп, орман қылу жолынан тегін кеңес бар, керек деген аудан, ауыл әкімдері хабарласса көмек беруге мен дайын», – дейді ол.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button