Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Сот алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты шығарылған үкім күшін жойды

АЛМАТЫ. 2 шілде. Бүгін олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімінің күші жойылатыны белгілі болды. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Сот алқасы «ҚазТрансГаз» қызметкерлерінің хат-хабарларынан алынған электронды көшірмені түпнұсқаның болмауына байланысты жеткілікті дәлел санамады

Zakon.kz хабарлағандай, Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «ҚазТрансГаз» АҚ ұсынған газ бағасы туралы Ресей тарапындағы бастапқы деректердің болмауына байланысты Қайрат Боранбаевқа қатысты алдында шығарылған сот үкімінің күшін жойған.

Осылайша Қайрат Боранбаевқа, Роман Нахановқа және Тайыр Жанұзаққа қатысты 2023 жылы 31 наурызда шыққан сот үкімінің күші жойылды. Сот алқасы «ҚазТрансГаз» қызметкерлерінің хат-хабарларынан алынған электронды көшірмені түпнұсқаның болмауына байланысты жеткілікті дәлел санамады.

Көшірменің 18-тармағында Қазақстанға 1 мың текше метр ресейлік табиғи газды 145 АҚШ доллары бағасымен қосымша жеткізу жайы қамтылған. Сотта зерттелген 17 тармақтан тұратын 12.07.2019 жылғы отырыс хаттамасының түпнұсқасында бұл арасы жоқ. Сот үкімінде бұл құжаттардың түпкі көздері анықталмаған, яғни 18 тармақтан тұратын хаттаманың көшірмесі қайдан алынғаны, көрсетілген хаттама неге орындауға бағытталмағаны, осы тармақ шешімнің соңғы нұсқасына неге енбей қалғаны көрсетілмеген.

Сөйтіп, сот үкімі қылмыстық іс жүргізу заңын бұза отырып шешілді. «Соттың айыптау қорытындылары болжамдарға негізделген, құжаттардың түпнұсқалары болмаған, көшірмелерге сүйенген, олардың дұрыстығы мен шынайылығы күмән тудырады. Жол берілмейтін 7 дәлелдеме пайдаланылды және талданбаған, шынайылығы тексерілмеген және басқа объективті дәлелдемелермен расталмаған дәлелдемелер пайдаланылды», – делінген сот хаттамасында.

Сондай-ақ бұл хаттамада алаяқтық схемасын дәлелдейтін дәлелдер жоқ делінген.

Күмәнді хаттамада газды Ресей территориясынан Қазақстанның Қытаймен шектескен шекарасына дейін тасымалдау бағасы енгізілгені туралы ешқандай дәлел жоқ, газ транзиті үшін шамамен 57 долларды кім төлейтіні де белгісіз. «Азия Газчунджа» жеткізушісінің тәуекелдеріне сүйене отырып, керісінше, «ҚазТрансГаз» шамамен 130 млн доллар табыс тапқан. Несонов, Сүлейманов және Мұхамеджанов куәлік ете отырып, бұл мәміленің тиімділігін растады.

Мұндай жағдайларда сот үкімінің күші жоюға жатады, ал қылмыстық іс алқалы құрамдағы бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша апелляциялық сатыдағы соттың қарауына жатады.

Сотталғандар мен олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары ішінара қанағаттандырылды. Боранбаев пен Нахановты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды, ал үйқамақтағы Жанұзақ дереу сот залында қамауға алынды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button