Украин әскерлері шілденің бірінші күні 800 оккупантты жайратып салды
КИЕВ. 2 шілде. Кеше Украина Қарулы күштері майданда 790 ресейлік басқыншыны жаһаннамға аттандырып, 26 артиллерия жүйесін, 20 бронды машинаны жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» мәліметіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина Қорғаныс күштерінің бас штабы 24.02.22 – 02.07.23 аралығында жаудың шығыны шамамен мынадай болғанын жариялап отыр:
жеке құрам – 229 660 адам,
танктер – 4 052 бірлік,
жауынгерлік бронды машиналар – 7 888,
артиллерия жүйесі – 4 188,
РСЗО – 637,
ПВО құралдары – 390,
ұшақтар – 315,
тікұшақтар – 308,
дрондар – 3 557,
қанатты ракеталар – 1 261,
кемелер – 18,
автомобильдер мен автоцистерналар – 6 816,
арнайы техника – 583.
Украина армиясы майданның барлық бағытында алға жылжып жатыр. РФ оккупанттарына, әсіресе, Запорожье учаскесінде оларға төтеп беру барған сайын қиынға түсуде.
Ресей Z-каналдары сондай-ақ украин әскерлерінің Днепрдің сол жағалауында, Херсон маңындағы плацдармына қатты алаңдаушылық білдіруде.