25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Еуровидение» конкурсында Аустрия өкілі өкілі жеңіске жетті (видео)

18 Мамыр 2025 09:34
- Жаңалықтар, Руханият
«Еуровидение» конкурсында Аустрия өкілі өкілі жеңіске жетті (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БАЗЕЛЬ. 18 мамыр. Швейцарияның Базель қаласында «Еуровидениенің» 69-шы финалы мәресіне жетіп, ол аустриялық өнер жұлдызының жеңіске жеткенін әйгіледі. Бұл туралы «Новая газета – Европа» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Конкурс финалында ажырамас махаббат жайлы драмалық баллада болып табылатын «Wasted Love» әнін шырқаған аустриялық контратенор Йоханнес Питч (JJ) бірінші орынға қол жеткізді.

«Махаббат деген – ең қуатты күш. Ендеше осы махаббаттың өркен жаюына түгел атсалысайық», – деді конкурстың жеңімпазы марапат алу сәтінде.

Йоханнес Питч – тегі филиппиндік 24 жастағы әнші. Ол Дубайда өскен, 2016 жылы өзі туған Вена қаласына қайтып оралған. 2020 жылы Британияның «The Voice» және Аустрияның «Starmania» ән-шоуларына қатысқан. Питч – Вена мемлекеттік операсының контратенорі (ерлердің ең жоғары опералық дауысы).

Бұл – аустриялық әншілердің «Еуровидениедегі» үшінші жеңісі. Мұнда бірінші жеңісті 1966 жылы Удо Юргенс алып берсе, екінші жеңіске 2014 жылы Кончита Вурст (Томас Нойвир) жеткен. Мұның соңы үлкен дау болғаны да белгілі.

Дауыс беру

Конкурсқа қатысушы 27 елдің өкілдері екі жүйе бойынша балл жинады: оның бірін қазылар алқасы берсе, екіншісі телекөрермендердің дауыс берулері арқылы қалыптасты. Осылайша олардың рейтингтері түзілді.

Шоудың финалында 26 елдің өкілі өнер көрсетті. Алты қатысушы (конкурсты өткізуші ел мен «Үлкен бестік») финалға автоматты түрде жіберілді, ал қалған 31 әнші жартылай финал арқылы өтті.

Нәтижелер

Кәсіби жюри мүшелерінің дауыс берулері бойынша бірінші орынды – Аустрия, екінші орынды – Швейцария, үшінші орынды – Франция, төртінші орынды – Италия, бесінші орынды Нидерланд алды.

Бірақ көрермендер дауыстарын санағаннан кейін картина қатты өзгеріп кетті. Осылайша 297 ұпай жинаған Израиль әншісі Юваль Рафаэль 15-орыннан бірден бірінші орынға ырғып шықты. Ол ең соңынан Аустрияның нәтижесі хабарланғанша осы қалпын сақтап тұрды. Қорытындыда көрермендерден тағы қосымша 176 ұпай алған аустриялық конкурсты ұтып алды.

Юваль Рафаэльдің жасы да 24-те. Ол 2023 жылы 7 қазанда шекарадағы Газа секторында өткен Nova музыка фестиваліндегі қанды қасаптан әрең аман шыққан әнші. Атып тасталған адамдар мәйіттері арасында өлі жанның кейпін көрсетіп, сегіз сағат жатқан.

Израильдің Газа секторындағы соғысына байланысты құқық қорғаушылар бұл ел өкілдерінің конкурсқа қатысуларына қарсы шыққан. Бірақ ұйымдастырушылар конкурсты жасаушы үкімет емес, KAN телекомпаниясы екенін алға тартып, мұны қабылдамады.

Үшінші орынды эстониялық провокациялы әнші Томми Кэп жеңіп алды. Ол мұнда есте жақсы қалатын «Espresso Macchiato» әнін орындады.

Төртінші орынға Швеция орналасты. Оның KAJ дуэті «Bara Bada Bastu» («Кел, одан да буға түсейік») атты саунаға барудың мәдениеті жайлы мысқыл әні де жоғары балл алды. Букмекерлер көп уақытқа дейін бұған бірінші орынды көрсетіп тұрды.

Бесінші орынға Италия жайғасты. Әнші Лучио Корси «Volevo Essere Un Duro» әнімен танылды.

Алғашқы ондыққа осы реттерімен Грекия, Франция, Албания, Украина, Швейцария енді.

Таңбалар: Еуровидениеконкурсфинал

Ұқсас мақалалар

Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)
Жаңалықтар

Испания мен Аргентина мундиал финалында кездесіп, алтын медаль үшін күреседі (видео)

16.07.2026
Арал қаласында «Жайдарман» ойынының финалдық кезеңі өтті
Әлеумет

Арал қаласында «Жайдарман» ойынының финалдық кезеңі өтті

25.05.2026
Санкт-Петербургте «Қытай тілі – көпір» деген конкурс мәреге жетті
Жаһан

Санкт-Петербургте «Қытай тілі – көпір» деген конкурс мәреге жетті

22.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist