Иммунотерапия – обырмен күрестің ең тиімді тәсілі
БЕРЛИН. 24 ақпан. Неміс онкологиялық қоғамының хатшысы Йоханнес Брунс бүгінгі таңда онкологиялық аурулармен күрестің ең тиімді тәсілі иммунотерапия екенін атап көрсетті. Бұл туралы «РИА «Новости» хабарлады.
Брунс мұны Ресей медициналық академиясы, Неміс онкологиялық қоғамы және Кох-Мечников форумы арасындағы үшжақты келісімге қол қою барысында мәлімдеді. Форум онкологиялық қоғам алаңында өтті.
«Бүгінгі таңдағы онкологиядағы ең тиімдісі – бұл иммунды онкология, сондай-ақ Т-жасушасындағы өзгерістер. Бұл – өткен жылдан бері қозғалысқа енгізілген барынша жаңа зат», – деді ол.
Дәрігер бұл тәсілдің тиімділігі тек кеселдің жазылу пайызының жоғары көрсеткішіне байланысты ғана айтылып отырған жоқ, сонымен қатар бұрын айықпас саналып келген лимфаларды анықтап, табуға қол жеткізуінде екенін жеткізді. Енді сол лимфалардың белгілі бір бөліктерін жазып шығаруға болады.
Брунс бұл жердегі әңгіменің барлық пациенттер туралы емес, негізінен бұрын үмітсіз саналған немесе ұзақ уақытқа созылатын терапияға мұқтаж болған науқастар турасында болып отырғанын нақтылап өтті.
«Обыр – гомогенді сырқат емес, ол көптеген ағзаларға шабуыл жасайды, біз солардың бірқатар түрін жазып шығаруға, мәселен, Т-жасушалары қолданылатын қан обырын сәтті емдеуге болатынын дәлелдедік», – деді бас хатшы. Дегенмен, ол бұл салада «істелетін жұмыстардың әлі де көп» екенін де қосып қойды.
Бұған да шүкір!