Германия құрамасы Ұлттар лигасының финалына өте алмады

МЮНХЕН. 5 маусым. Футболдан Германия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалында Португалиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Кездесуде шешуші голды португал шабуылшысы Криштиану Роналду соқты.
Футболдан Германия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалында Португалиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Матч 4 маусым, сәрсенбі күні кешке Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц Арена» стадионында өтті.
Немістер екінші таймның басында алға шықты – жартылай қорғаушы Флориан Вирц 48-минутта есеп ашты. Арада 15 минут өткенде португалиялық шабуылшы Франсиско Консейсао таразы басын теңестірсе, бес минуттан кейін Криштиану Роналду матчтағы қорытынды есепті қойды.
Енді бүгін, 5 маусым, бейсенбі күні екінші жартылай финалда Испания және Франция құрамалары күш сынасады. Матч Германияның Штутгарт қаласында ойналады. Финал 8 маусымда Мюнхенде өтеді.
Осымен УЕФА Ұлттар лигасының төртінші маусымы мәресіне жетеді.
Бұған дейін Германия құрамасы бірде-бір рет турнирдің финалына шығып көрген емес.
Осы маусымда Германияның топтағы қарсыластары Нидерланд, Венгрия және Босния мен Герцеговина болды. Германия төрт жеңіс пен екі тең ойынымен топтан шықты. Екі ширек финалдық кездесудің қорытындысы бойынша Германия құрамасы Италиядан басым түсті.
Суреттерде: Йозуа Киммих (1), Криштиану Роналду жеңіс добын соғып жатыр