18 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Отандық кино шығындарын қайта қарау қажет

23 Маусым 2023 15:15
- Руханият
Отандық кино шығындарын қайта қарау қажет
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

«Мемлекет қаржысына түсірілген фильмдер кинотеатр немесе телеарналар арқылы көрсетілудің орнына мұрағаттарда шаң басып жатады. Қазынадан бөлінген қаржы зая кетуде», – дейді белгілі медиаменеджер Құрманбек Жұмағали.

«Бізде «Қазақфильм» бар, бірақ оның павильондары киногерлерге қолжетімсіз. Есесіне, ол алаңда түрлі шоулар мен жарыстар түсіріледі. Мемлекет есебінен қаржы тарихи фильмдердегі костюмдерді тігуге де жұмсалады. Кейін ол киімдер тек қоймалардан орын табады. Проблемалар жеткілікті. Сондықтан жүйелі түрде шешімдер қабылдау керек», – деп жазды өз әлеуметтік парақшасында Құрманбек Жұмағали.

Ол киногерлер мен кинотеатрлардың арасындағы қарым-қатынаста бірінші тарап ұтылып отыр деп есептейді. Құрманбек Жұмағалидың айтуынша, кинокартинаның билеттері сатылымға түскен соң табыстың 55 пайызы кинотеатр иелеріне және жеке компанияларға кетеді.

«Біздің медиахолдинг тек сериалдарды ғана емес, қысқа және толықметражды фильмдерді де түсіріп жүр. Өткен жылы «Алтын адам» операциясы» фильмін түсіріп, кинотеатрлардан көрсеттік. Президент Ұлттық құрылтайда атап өткендей, кинотеатр иелері отандық фильмдерді экраннан көрсету үшін қомақты қаржы талап етеді. Біз бұл мәселеден тек журналист, медиаменеджер ретінде емес, кино түсіріп, үлкен экрандарға шығарған продюсер ретінде де хабардармыз. Яғни бұл проблемаға өзіміз де тап болдық», ­– деді «31» медиахолдингінің басшысы Құрманбек Жұмағали.

«31 арна» 2030 жылға дейін бизнес механизмдер арқылы отандық киноны қолдаушы арна ретінде қалыптасуды көздейді. Медиахолдинг басшысы бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жетекші продакшндармен және Мәдениет және спорт министрлігімен әріптестік байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді. Қазіргі кезде телеарна ақпараттық қолдау көрсету және ішінара немесе толық қаржыландыру тетіктері бойынша киногерлермен жұмыс жүргізіп жатыр.

«Жалпы, кинотеатрлардың жұмысы да ашықтық принципі бойынша ұйымдастырылуы тиіс. Онлайн режимде фильм қай уақытта көрсетіліп, қанша адамды қамтығанын, табыс көлемін көріп отыру қажет. Ең бастысы, отандық киноөндірушілерге басымдық беру керек. Бәлкім, отандық фильмдерге жазылу форматын қарастырып көрген жөн болар. Мысалы, АҚШ-та кинотеатрларға жазылу қызметтері бар. Айына шамамен 25 доллар төлесеңіз, кез-келген фильмді тамашалай аласыз. Неге біздің фильмдерге мұндай жазылымды ұйымдастырмасқа?», – деді Құрманбек Жұмағали.

Таңбалар: Құрманбек Жұмағалиотандық киношығын

Ұқсас мақалалар

Ресей армиясы қазір күніне 300 адамынан өлідей айырылып жатыр
Жаңалықтар

Ресей армиясы қазір күніне 300 адамынан өлідей айырылып жатыр

10.06.2026
Дума Ресейдің Украинада ұзақ соғысқа төтеп бере алмайтынын айтты
Жаңалықтар

Дума Ресейдің Украинада ұзақ соғысқа төтеп бере алмайтынын айтты

19.05.2026
Трамп: Ресей жыл басынан бері 112 000, Украина 8 000 әскерін жоғалтты
Әлеумет

Трамп: Ресей жыл басынан бері 112 000, Украина 8 000 әскерін жоғалтты

01.08.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist