Украин әскерлері өткен тәулікте 1000-нан аса рашисті жер жастандырды
КИЕВ. 17 ақпан. Украина Қарулы күштерін өткен тәулік ішінде 1 050 ресейлік басқыншы мен 11 жау танкісін жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украин Қорғаныс күштері тәулікте 1 050 рашисті жаһаннамға, яғни тозақ отына аттандырып, дұшпанның 11 танкісі мен 28 артиллерия жүйесінің тас-талқанын шығарды.
Бас штабтың мәліметі бойынша, 24.02.22 – 17.02.24 жж. аралығындағы жаудың шығыны шамамен мынадай болып отыр:
жеке құрам ‒ 401 350 (+1 050) адам,
танктер ‒ 6 476 (+11) бірлік,
жауынгерлік бронды машина (БМБ) ‒ 12 145 (+16) бірлік,
артиллерия жүйесі ‒ 9 669 (+28) бірлік,
РСЗО ‒ 984 (+0) бірлік,
әуе шабуылынан қорғану жүйесі (ПВО) ‒ 671 (+0) бірлік,
ұшақтар ‒ 332 (+0) бірлік,
тікұшақтар ‒ 325 (+0) бірлік,
дрондар ‒ 7 413 (+5) бірлік,
қанатты ракеталар ‒ 1 896 (+1) бірлік,
кемелер/катерлер ‒ 25 (+0) бірлік,
сүңгуір қайықтар ‒ 1 (+0) бірлік,
автомобиль және автоцистерналар ‒ 12 734 (+18) бірлік,
арнайы техникалар ‒ 1 533 (+5) бірлік.
Украина президенті Володимир Зеленьский кеше Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінде Ресейдің Авдеевка елді мекені үшін шайқастағы шығыны Украинаның жоғалтқанынан жеті есе көп екенін баяндады.
«Мен сіздерге бізден зардап шеккендер мен құрбан болғандардың нақты санын айтып бере алмаймын. Мысалы, Авдеевка жайында мен тек цифрларды ғана салыстырып өттім: ол біреуге жетеуден болып тұр. Нақты айтқанда, қаза тапқан бір украинға жеті ресейліктен келеді, қазіргі ара-қатынас осындай. Мен бұларды бір-бірімен салыстыру үшін айтып отырған жоқпын, бұл – қайғы, тіпті бір адамды жоғалтудың өзі қасірет. Бірақ сіздер осы кішкентай қалада нендей нәрселер болып жатқанын білуге тиіссіздер», – деді Украина президенті.