9 Шілде, 14:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

НАМЫС

Қысқа қайырымдар

4 Маусым 2023 17:49
- Әлеумет
НАМЫС
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Мен бүгін намыс деген сөзді екі адамның аузынан екі түрлі мағынада естідім.

Адам толмай, көлігіміз аялдамада біраз тұрып қалды. Кондуктор балақай: «Жайна», «Ағжан», «Площадь», бір орын бар», – деп айқайлап қояды.

Ақ көйлекті аққұба қыз кіріп, әлгі бос орынға жайғасты. Іле-шала кірген алпыстардағы апаға арт жақтан бір қара бала орын берді.

Көлік ішінде жанға жайлы тыныштық орнаған. Әркім өзімен-өзі. Көлік ұшқан құспен жарысқандай заулап келеді.

Тек соңғы кірген апа:

– Байқа, балам, байқа, қайда асығасың? «Асыққан – шайтанның ісі», – деп ақылын айтты.

Жүргізуші сәл жымиып, магнитофонынының тетігін шырт еткізді.

«Жер бетіндегі көп қабір, Адамның алған еншісі»,  деп, Мейрамбек қоңыр даусымен бізді одан әрі ұйытып әкетті.

Әншейінде асығып, қарбалас жүретін жүргіншілер қазір өте жайбарақат. Осы тыныштықты қолына сыра ұстай кірген мазасыз жігіт бұзды. Манағы аққұба қыздың дәл төбесінен төніп тұр. Әлдекімді былапыт сөздермен балағаттайды.

Апа: «Кейінірек тұрсаңшы, балам-ау», – деп айтып ауыз жиғанша, қыздың үстіне әлгінің сырасы төгіліп кеткені.

Қатулы жүзбен қараған қыз кейін итеріп еді, жігіттің:

– Ей, итерме! Сен кімсің соншама? – деп аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты.

– Әй, балам, болды! Өзіңді сыйламасаң да, бізді сыйла! Тәрбие көріп пе едің өзің?!

Апаның жүзінде кейістік білінді.

– Ой, сіз де қоймайды екенсіз! Бірдеңе бүлініп қалды ма сонша?! Кел сүртіп берем. – Масаң жігіт қыздың иығындағы сары дақтың үстіне қолының бес батпан кірін жаға салды. Шыдамның да шегі бар емес пе, қыз әлгі есалаңның қолынан салып жіберді.

– Ой, сен не? Бірдеңе керек пе өзіңе?!

Жып-жинақы шаш әп-сәтте қобырап шыға келді.

Апа орнынан ұшып тұрып:

– Өй, намыссыз өлік! – деп жігітті итеріп жіберді. – Шамаң жететін болған соң тиісіп тұрсың ғой! Қызға қол жұмсағанды қай атаңнан көріп едің, тексіз?!

– Сіз тыныш отырыңыз! Неңіз бар сіздің?! Ауылдан келіп пе едіңіз? Е, бәсе, көрініп тұр! Үлкен болған соң сыйлап тұрмын, соны біл, ұқтың ба?! – Сөз басын «сізбен» бастап, «сенмен» аяқтаған тентек енді өз анасындай адамға дауыс көтере бастады.

Осы сәтте пәтшағардың алқымына әлдекімнің қолы жармаса кетіп, сілкіп-сілкіп қалды. Көлік те кілт тоқтады.

«Шық, ит!»

Манағы қара бала қабағын түйіп, маскүнемді итеріп-итеріп жіберді.

Көліктен түскен соң да әлгі жігіт:

– Жүр, шық былай! Шықпайсың ба? Не қорқып тұрсың ба? Несіне жігіт боп жүрсің, намыс қайда?! – деп қояды.

Көліктегілердің бәрі ду күлді. Бас кейіпкер – қара бала да беті қызара сәл жымиды. Еріксіз жымиғандық ойдағы түйткілді біраз сейілтіп әкетті.

Көлік қайта зулай жөнелді. Тағы да тыныштық орнаған, бірақ тым ауыр, еңсені езген тыныштық. Әркім өз ойымен әуре.

Арашашы апа тіпті жайбарақат, қабағында кірбіңнің ізі де қалмапты. «Намыссыз» дегенді бірінші айтқан осы кісі ғой. Пәлі, дәл осы сөзді масаң жігіт те айтты, ә… Екеуінің де айтқаны бір сөз, ал салмағы екі басқа.

Иәә, әркім өмірді өз ақылы жеткенше түсінеді.

Намысты да…

Жансая НҰРҚОЖА

2016 жыл

Таңбалар: газельжігітжолаушынамыс

Ұқсас мақалалар

Алматыда қоғамдық көлікке Avtobys бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі
Жаңалықтар

Алматыда қоғамдық көлікке Avtobys бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі

09.02.2026
Қара бетперде киген жігіт тағы бір отбасына пәтер сыйлап кетті
Жаңалықтар

Қара бетперде киген жігіт тағы бір отбасына пәтер сыйлап кетті

09.01.2026
Орыстың бес солдатын жалғыз ұрып жыққан қазақ
Тіршілік

Орыстың бес солдатын жалғыз ұрып жыққан қазақ

03.05.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist