9 Шілде, 14:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Киевте Украинаға контингент орналастыру жөнінде кеңес болып өтті

4 Сәуір 2025 22:50
- Жаңалықтар, Жаһан
Киевте Украинаға контингент орналастыру жөнінде кеңес болып өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ.4 сәуір. Киевте Украинада қауіпсіздіктің кепілін жасау үшін Еуропа елдері әскери контингентін орналастыру жөнінде кездесу ұйымдастырылды. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Енді жақын айларда бұл бастаманы егжей-тегжейлі пысықтап алу үшін серіктестермен және әскерилермен тұрақты кездесу өтіп тұратын болады.

Киевте 4 сәуір, жұма күні өткен кездесуге Украина, Ұлыбритания және Франция өкілдері қатысты. Онда батыстық әріптестердің қауіпсіздік кепілдігі аясында Украина аумағында шетелдік әскери контингентті орналастыру мүмкіндігіне қатысты мәселе талқыланды. Онда осы бағыттағы екі айлық жұмыстың нәтижесі белгілі болды.

Кездесуден кейінгі брифингте Украина президенті Володимир Зеленський мұның бұл мақсаттағы бірінші кездесу екенін, ал алдағы айда бастаманы егжей-тегжейлі пысықтау үшін серіктестермен және әскерилермен тұрақты кездесулер өтуі жоспарланғанын, содан кейін миссия туралы толық түсінік болатынын айтып берді.

Мемлекет басшысы бұл процеске тек Лондон мен Париж ғана емес, басқа да көптеген елдердің кіретінін жеткізді, бірақ президент олардың қай елдер екенін айтып жатпады. Ол осы орайда бұл елдердің коалициясы болатынын атап өтті. Әңгіме жерде, әуеде және теңізде қорғанысты күшейту, сондай-ақ әуе қорғанысы контингентінің болуы турасында болып отыр.

Бұған қоса, мемлекет басшысы атыстың сөзсіз тоқтатылуы керек екенін, тек содан кейін ғана келіссөз турасындағы әңгіменің кез келген форматта жалғаса алатынын айтты.

«Бірақ бұл үшін орыстар қазіргідей жай кісі өлтіруші емес, дипломатияға дайын адекватты адамдар болып үлгеруі қажет. Ал қазір шайтан бейнесінде шауып жүр», – дегенді айтты сосын ел лидері.

Зеленський сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға енгізген тарифтері мәселесіне де тоқталды. Президент бұл шаралардың Украина экономикасына әсер етпейтінін, өйткені Америкамен арадағы тауар айналымы бар болғаны 3,5 миллиард долларды ғана құрайтынын атап өтті.

Таңбалар: батыс елдеріЗеленськийУкраина

Ұқсас мақалалар

Трамп украин дрондары Ресейдің алыс түкпірлеріне соққы беруін қолдады
Жаңалықтар

Трамп украин дрондары Ресейдің алыс түкпірлеріне соққы беруін қолдады

08.07.2026
Зеленський кеңсесінің басшысы Украина жылдар бойы соғысуға дайын екенін айтты
Жаңалықтар

Зеленський кеңсесінің басшысы Украина жылдар бойы соғысуға дайын екенін айтты

07.07.2026
Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды
Жаңалықтар

Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

07.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist