ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Чемпионаттан жүлдемен оралған боксшы қыздар тағы сыйақы алады

АСТАНА. 20 наурыз. Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатынан жүлде алып қайтқан қазақ қыздары енді өзімізден де сыйақы алғалы тұр. Бұл туралы Tengri Sport ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 8-16 наурыз аралығында шаршы алаң шайқады.

Чемпионатта Қазақстан құрамасының мүшелері 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль алған еді. Енді осыған орай республика Бокс федерациясы да өзінің атынан оларға сый-сияпат ұсынбақшы.

Қазақстан Бокс федерациясының беретін сыйақылары IBA ұсынған жүлде қорымен тура бірдей болады.

Атап айтқанда, боксшы қыздарымызға мына сомадағы ақша сертификаттары тапсырылады:

Назым Қызайбай – 100 000 доллар;

Алуа Балқыбекова – 100 000 доллар;

Аида Әбікеева – 100 000 доллар;

Виктория Графеева – 50 000 доллар;

Елдана Тәліпова – 50 000 доллар;

Наталья Богданова – 25 000 доллар.

Айта кетейік, Қазақстан Бокс федерациясы құраманың жаттықтырушылары мен мамандарын да ақшалай сыйлықтармен марапаттайды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының жүлдегер боксшы қыздарына тағы да жалпы сомасы 425 мың доллар, яғни 212 миллион теңгені құрайтын қаржы беріледі.

Қазақстан құрамасына әлем чемпионатындағы алғашқы алтын медальді еліміздің ең атақты боксшысы, 48 келіге дейінгі салмақтағы Назым Қызайбай алып берді. Осымен ол әлемнің үш дүркін чемпионы деген атаққа қол жеткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атлетті осы зор жетістігімен құттықтады.

Екінші алтын медальды қоржынға 50 келіге дейінгі салмақтағы Алуа Балқыбекова салды. Ол бұған дейін әлем чемпионатының күміс және қола медальдарын жеңіп алған еді. Осымен спортшы жүлделер қорын толық етіп толтырды.

Үшінші алтын медальді 63 келіге дейінгі салмақтағы Аида Әбікеева жеңіп алды.

Ал 60 келіге дейінгі салмақтағы Виктория Графеева мен 81 келіден ауыр салмақтағы Елдана Тәліпова – күміс, 70 келіге дейінгі салмақтағы Наталья Богданова қола жүлдегер атанды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button