FT: Трамптың бейбітшілік жоспары күйреуге ұшырағалы тұр

УАШИНГТОН. 19 наурыз. АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы соғысты бейбіт аяқтау жөніндегі жоспарының ешқандай нәтиже бермейтін түрі бар. Бұл туралы UNIAN ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
The New York Times (NYT) газеті Трамптың бейбітшілік жөніндегі жоспарының сөзсіз күйреуге ұшырайтынын, АҚШ-тың келіссөзді өзімен өзі жүргізіп жатқанын жазады.
Осымен бір мезгілде Ақ үйдегілер Трамптың тіпті уақытының көп бөлігін алып қойып жатса, сыртқы саясаттағы мақсаттарында жеңіске жетуге бағыт ұстап отырғанын айтып жатыр.
«Сейсенбі күні Дональд Трамп Ресей билеушісі Владимир Путинмен сөйлесу барысында Украинада бейбітшілік орнату үдерісінің «толық қуатында» жүріп жатқанына сенімді екенін көрсетті. Бірақ бұл әңгімеге беріліп отырған оң баға шындықпен сәйкес келмейді», – деп жазады Financial Times.
«Шегініссіз шегініс»
Путин сөйлесу кезінде Трамптың атысты толық тоқтату жөніндегі талабын қайтарып тастады, сөйтіп, АҚШ-тың өткен аптада Украинамен тек энергетикалық және инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауға «шектеулі бітім» ензігу турасында жасасқан келісімін күл-талқан етті.
Бұл әңгіменің қорытындысы оның Украинадағы соғыста Мәскеуге де, Киевке де қолайлы келісім түрінде тез бітім жасасу турасындағы өз көзқарасын жүзеге асыруының қиын болатынын көрсетті.
Өткен жылғы АҚШ президент сайлауы науқаны кезінде өзін бірнеше рет «жаһандық бейбітшіліктің агенті» деп атаған Трамп енді Украинаға қатысты берген уәдесін орындауға тырысуда.
Путинмен әңгіме Газада Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату келісімі бұзылғаннан бірнеше сағат өткен соң жүргізілді. Газадағы жанжалдың қайта тұтанып кетуі АҚШ Йемендегі хусит нысандарына әуеден шабуыл жасап, олардың Ирандағы топтың жақтастарына бірнеше ескерту жасағанынан кейін орын алды.
«Дональд Трамп өзін ұлы бітімгер етіп көрсеткісі келетін ниеті мына соғыстың ащы шындықтарымен үйлесе қоймайды. Трамптың жеке тұлғасы оның әлемдегі барлық мәселелерде осындай орталық рөлді атқарып кетуіне ықпал ете алмайды. Ол мұндай беделді қайраткер емес», – дейді Карнеги халықаралық бейбітшілік үшін қорының аға ғылыми қызметкері Аарон Дэвид Миллер.
Путинмен сөйлесу сонымен қатар Трамптың соңғы ай бойына Киевке жасаған қысым көрсету науқанының қаншалықты тиімді болғанын көрсетті, мұның ішінде Ақ үйде Украина президенті Володимир Зеленськийге көпе-көрнеу тиісу әрекеті Мәскеудің бұдан кейінгі іс-қимылы мен мінез-құлқына айтарлықтай ашық әсер етті.
АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі Ресей мәселелері жөніндегі бұрынғы аға директоры Фиона Хилл Трамптың бірінші президенттік кезеңіндегі жайды былай баяндайды: «Путин іс жүзінде ешқандай шегініс жасамай-ақ Трампқа аздаған жеңілдік жасаған болып көріне алатын. Путин ештеңені де ілгері жылжытқан жоқ, ал АҚШ барлық жерде өзімен келіссөз жүргізіп жататын. Ол бұл соғыста да жеңіске жетуді қалап отыр».
Кремльдің хабарлауынша, Путин өзінің соғысты тоқтату туралы қатқыл талаптарының ешқайсысынан бас тартқан жоқ. Ресей президентінің энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдауды уақытша тоқтатуға келісуі мен Қара теңіздегі қауіпсіздік бойынша жұмыс істеуге келісім білдіруі Мәскеудің қақтығыс кезінде бұрын жасаған келісімдеріне қайта оралуы болып табылады.
«Нәтиже таң қалдырмайды»
«Трамп жылдамдатып келісім жасасып қалуға тырысты, бұл Путинді жігерлендірді», деді Ресейдің Берлиндегі Еуразиялық Карнеги орталығының
директоры Александр Габуев. Маман: «Трамп Ресейге әсер ету тетіктерін жасау бағытында өте аз жұмыс істеді, бірақ қысымның бәрін Украинаға көрсетті. Сондықтан бұлай болуына таң қалатын ештеңе жоқ», – деп атап өтті.
Путинмен сөйлескеннен кейінге кешкі сұхбатында Трамп келіссөздің қиын жүріп жатқанын мойындады.
«Дәл қазір сіздерде бір-бірлеріңізге бағытталып тұрған қару-жарақ көп. Ендеше, сәл ілгері жылжымай, атысты тоқтату қиын болар еді. Өздеріңіз білетіндей, бұл жерде Ресейде артықшылық бар», – деді Трамп.
Президенттің жоғары лауазымды тұлғалары мен Капитолий төбешігіндегі жақтастары оның тіпті көп уақытты алатынына қарамастан, сайлау науқаны кезінде берген уәдесінде тұрып, өзінің сыртқы саяси мақсаттарына жету жолындағы бағытын жалғастырып келе жаьқанын айтады.
«Трамп шыдамсыз»
Кейбір сыншылар Трамптың сыртқы істердегі қадамдарында елеулі кемшілік бар деп санайды, бұл оның бұған тартылып отырған ойыншылардың күрделі кісілер екенін түсінбеуінен және олардың жағдайды сол жерде күрт өзгертіп жібере алатынына сенуінен туындайды.
«Соғысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізу өте қиын және қажытып жібереді, ол салыстырмалы түрде қолайлы ұсыныстар табу үшін үлкен шыдамдылық пен шығармашылық қажет етеді», – дейді стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының Еуропа, Ресей және Еуразия бойынша директоры Макс Бергманн. Ол осыған орай тағы: «Трамп әкімшілігі әңгіме Украинаға қатысты болған кезде шыдамсыз болып көрінеді, сосын және жанжал жағдайынан шыққысы келмейтіндей әсер қалдырады» дегенді айтты.
Мемлекеттік департаменттің бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі басылымға Трамп «біздің одақтастарымыз бен серіктестерімізді өзімізден алшақтатуға көбірек тырысады, бұл біздің әлемдегі билігіміздің күшті емес екенін білдіреді» деді. «Ал егер әлемдегі билігіміз әлсіз болса, біз оның көргісі келетініндей келісімдерге қол жеткізе алмаймыз», – деді сұхбатшы.
Сарапшылардың пікірінше, Трамптың позициясы сондай-ақ Путиннің бұл соғысқа қандай жексұрын ұстаным ұстайтынын да көрсетті.
«Путин түбегейлі өзгеріс болады деп күтті. Ол еуропалықтар, бәлки, көніп қалар немесе Украина ыдырап кететін шығар деп ойлады. Мұның орнына, АҚШ бағыты кенет күрт өзгертіп жіберді», – дейді Фиона Хилл.
Бергманн түпкілікті келісімге келу үшін Трамп бұдан әрі де Путиннің алдына түседі деп алаңдайды.
«АҚШ-тың Украинаға қару-жарақ жеткізуін тоқтатуына алып баратын кез келген уақытша бітім – Путин үшін үлкен жеңіс, өйткені Қытай, Солтүстік Корея және Иран Ресейге қолдау көрсетулерін тоқтатып жатқан жоқ», – дейді ол.
UNIAN хабарлағандай, Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлескеннен кейін екі тарап та мәлімдеме жасады.
Кремль Путиннің Киевке әскери көмек пен барлау мәліметтерін беруді толығымен тоқтатуды талап еткенін айтып, мұны бітімгершілік келісімді бастаудың «басты шарты» деп атады.
Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезінде Ресей тарапының Украинаға әскери көмек пен барлау ақпаратын беруді толық тоқтатуды талап етті деген мәлімдемесін жоққа шығарды.
NYT газеті Ресей билеушісі Владимир Путиннің сейсенбі күні бірінші рет «шектеулі атыс» жағдайына келіскенін және мұның тек энергетикалық инфрақұрылымға соққы беруге қатысты екенін, Украина да осыны ұстанатынын жазды. Сөйтіп, диктатор майданда толыққанды бітім жасаудан бас тартты.